Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының 30 жылдығына арналған әдеби фестивалі

Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған отыз іс-шара аясында, 2026 жылдың 1 сәуірінде мазмұны терең, тағылымы мол ерекше шығармашылық кеш өтті. Оқытушы-дәсіркерлердің ұйымдастыруымен, атап айтқанда Сүлейменова М.М., Турсын Г., Кабылова М.С. ұйымдастыруымен ағылшын тілінде өткен «English Art Fest» көркем әдеби-шығармашылық кеші жоғары деңгейде өткізіліп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Кештің басты мақсаты – студенттердің ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау болды. Бұл кеш – тек тілдік шара ғана емес, сонымен қатар рухани-мәдени құндылықтарды дәріптейтін, өнер мен білімді ұштастырған тағылымды басқосу ретінде ерекшеленді.                                                                               Аталған шараға АІҚ 211, АІҚ 213 және ШТҚ 213 топтарының білімгерлері белсене қатысып, өздерінің жан-жақты дарындарын паш етті. Кеш барысында ағылшын тіліндегі поэзия оқылып, әлемдік және заманауи әдеби шығармалардан үзінділер сахналанды. Сонымен қатар студенттер шағын театрландырылған У.Шекспирдің «Ромео мен Джулиетта» пьессасын сомдап қойылымдар қойып, кейіпкерлердің образын шебер сомдай білді. Әрбір қойылым көрерменге ерекше әсер қалдырып, өнер мен тілдің үйлесімді үндестігін көрсетті.Кештің көркемдік деңгейін арттыра түскен тағы бір ерекшелік – музыкалық және әдеби композициялар болды. Студенттер ағылшын тіліндегі әндерді нақышына келтіре орындап, поэзия мен музыканы үйлестіре отырып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.   Бұл өз кезегінде қатысушылардың тек тілдік емес, эстетикалық талғамының да жоғары екенін көр сетті.Аталған шара студенттердің шығармашылық ізденісін арттырып қана қоймай, олардың өзіне деген сенімін нығайтып, көпшілік алдында еркін сөйлеу қабілеттерін дамытуға зор ықпал етті. Әсіресе, ағылшын тілінде өнер көрсету арқылы білімгерлер өз мүмкіндіктерін жаңа қырынан танытып, тілдік кедергілерді еңсеруге үлкен қадам жасады.Қорытындылай келе, «English Art Fest» кеші кафедраның 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған маңызды әрі мазмұнды шаралардың бірі ретінде есте қалды. Бұл кеш – студенттердің білімін, өнерін және шығармашылығын тоғыстырған, рухани байлыққа толы жарқын мереке болды.

 

 

AI Assistant