Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-ассистенті Е.Т. Саржигитов пен 4-курс білімгері Ж.Е. Нұржапар «ТАҒЫЛЫМ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған «Үздік педагогикалық мақала» республикалық конкурсында жоғары жетістікке қол жеткізді. Аталған байқаудың қорытындысы бойынша олар «Үздік мақала» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жетістік – кафедра оқытушылары, мектеп мұғалімдері мен білімгерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесе атқаруының нәтижесі. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы ғылыми-шығармашылық еңбектеріне табыс тілейміз! переведи на русский

