2026 жылдың 1-сәуірінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу унивесритетінің Басқарма төрағасы-Ректор Е.Ә.Бөрібаев өмір жолында мол тәжірибе жинақтап, кәсіби біліктілігімен, адамгершілік қасиеттерімен және қоғам игілігі жолындағы елеулі еңбегімен құрметке бөленген Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, професссор м.а., ф.ғ.к. Кыяхметова Шара Әсетқызын 65 жас мерейтойымен құттықтады. Университет басшысы мерейтой иесіне алдағы уақытта да абырой биігінен көрініп, ғылым мен білім жолында табыс тілеп, арнайы адресат, сыйлық пен гүлшоғын табыстады.

