Сот сарапшыларымен кездесу

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде білім беру бағдарламаларын жетілдіру және білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатында Гуманитарлық факультет Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының   қауымдастырылған профессоры,  ф.ғ.к. Айжан Саханқызы Шыныбекованың ұйымдастыруымен  Қазақ тілі мен әдебиеті және Филология ББ 3-курс студенттерінің қатысуымен сот сарапшыларымен кездесу өтті. Кездесуге Жетісу облысы бойынша сот-сараптама институтының тәжірибелі мамандары — Жетісу облысы бойынша сот-сараптама жұмыстар бойынша орынбасарының м.а. Сабитова Галина Валерьевна, аға сарапшы Амандосова Раушангуль Еркеновна, кадрлар бойынша бас инспектор Садыкова Гульмира Сайлаубаевна қатысып, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара барысында сарапшылар сот сараптамасының негізгі бағыттары, сараптама жүргізу тәртібі, қазіргі кездегі өзекті мәселелер мен саладағы жаңашылдықтар туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, сарапшылар филология мамандығы түлектерінің сот сараптамасы саласындағы мүмкіндіктері мен кәсіби қызмет бағыттарына да тоқтала отырып, жұмыс берушілер ретінде «Сот-срапатамалық психологиялық-филологиялық зерттеуші» мамандығына ҚТӘ білімгерлерін жұмысқа шақырды. Білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, практикалық мысалдар келтірілді. Бұл студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби бағдарын айқындауға және болашақ маман ретінде қалыптасуына оң ықпал етті. Аталған іс-шара университет пен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтып, білім беру бағдарламасының мазмұнын еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді. 

AI Assistant