«Жасанды интеллектінің журналистикада пайдалану тетіктері» тақырыбында ғылыми семинар өтті

Журналистика кафедрасының оқытушы-дәріскері Ілескен Әлбатырұлының ұйымдастыруымен ҚБҚ-211 тобының білімгерлері ««Жасанды интеллектінің журналистикада пайдалану тетіктері» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Іс-шара барысында білімгерлер жасанды интеллектінің пиар және журналистика салаларындағы рөлін жан-жақты қарастырып, видео контент дайындау және контент-менеджменттің заманауи тәсілдері бойынша мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар мәтіндік контент әзірлеуде қолданылатын шаблон түрлері таныстырылып, олардың артықшылықтары мен әлсіз тұстарына талдау жүргізілді.

Ғылыми семинарда жасанды интеллектінің қарқынды дамуы жаңа цифрлық құралдар мен бағдарламалардың пайда болуына ықпал етіп отырғаны атап өтілді. Аталған технологиялардың журналистерге ақпаратты жедел жинақтауға, сапалы өңдеуге, деректерді талдауға, жаңалық мәтіндерін дайындауға және жалған ақпаратты анықтауға мүмкіндік беретіні айтылды. Сондай-ақ пиар саласында аудиторияны зерттеу, олардың қызығушылықтарын анықтау және репутацияны басқару үдерістерінде де кеңінен қолданылатыны сөз болды.

Білімгерлер жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен шектеулерін терең зерделей отырып, көпшілікке өзекті әрі мазмұнды ақпарат ұсынды. Ғылыми семинар барысында ұсынылған материалдар тақырыптың маңыздылығын айқындап, білім алушылардың кәсіби танымы мен заманауи медиа құралдарын меңгеру деңгейін көрсетті.

Осындай мазмұнды іс-шаралар білімгерлердің шығармашылық ізденісін дамытып, кәсіби бағыт-бағдарын жетілдіруге ықпал етеді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant