




Бүгін Ғылым декадасы аясында Физика-математика факультетінде «Идеядан зерттеуге дейін: студенттік ғылымның жаңа көкжиектері» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Аталған іс-шараға факультеттегі ғылыми үйірмелер мүшелері белсенді қатысты. Шара студенттердің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға бағытталды. Семинар барысында қатысушылар өз ғылыми идеяларымен бөлісіп, заманауи зерттеу бағыттарын талқылады, сондай-ақ тәжірибе алмасты.
Аталған алаң жас зерттеушілер үшін жаңа бастамаларға жол ашып, ғылыми ізденіске деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.
#SDG #ЦУР #ТДМ

