Ғылымдағы инновациялар: жас зерттеушілерге арналған пікірталас дөңгелек үстелі

2026 жылғы 8 сәуірде Биотехнология және экология ғылыми-зерттеу институты негізінде «Ғылымдағы инновациялар: жас зерттеушілерге арналған пікірталас дөңгелек үстелі» ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар қатысты. Модератор – Ермекбаев Канат Абаевич, Ph.D, молекулалық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі.

Кездесу барысында жаңа буын секвенирлеу технологиясының ғылыми негіздері мен оның сүт өнімдерінің микробиомын зерттеудегі қолданылуы, сондай-ақ өсімдіктер селекциясындағы Speed Breeding әдісінің рөлі талқыланды. Спикерлер Жадыра Сағыман және Абдуакасов Айбек өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің негізгі бөлігі – brainstorming, онда қатысушылар инновациялық белсенділікті арттыру жолдарын, ғылыми идеяларды енгізудегі кедергілерді және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады. Іс-шара жас зерттеушілерге тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды ұсынуға және ғылыми байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында қатысушылар ғылымдағы инновациялар саласында бірлескен зерттеулерді жалғастыруға және жаңа жобаларды бастауға дайын екендіктерін білдірді. Дөңгелек үстел жас зерттеушілердің ғылыми ынтымақтастығын нығайтып, жаңа идеялардың жүзеге асуына жол ашты.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant