2026 жылы 07 сәуірде Гуманитарлық факультетте «Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысуымен ғылыми-семинар өтті. Іс-шара тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері Тұрсынбаев Олжас Ғабитұлының «1941–1960 жылдардағы қазақ бастауыш мектептерінде білім беру мазмұны» тақырыбындағы докторлық диссертациясы аясында ұйымдастырылды.
Баяндамашы өз зерттеуінде аталған кезеңдегі бастауыш білім беру жүйесінің ерекшеліктерін жан-жақты қарастырды. Семинар барысында қатысушылар баяндаманы мұқият тыңдап, жұмыстың мазмұнын жетілдіру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Талқылау барысында диссертацияның ғылыми деңгейін арттыруға бағытталған нақты кеңестер айтылып, зерттеудің маңыздылығы атап өтілді.


