

















Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында дзюдодан Басқарма Төрағасы – Ректор кубогы үшін жарыс өтті.
Бозкілем бәсекесіне университеттің төрт факультеті мен колледжінен құралған 5 команда қатысты.
Дзюдошылар 60 кг, 66 кг, 73 кг, 81 кг, 90 кг, 100 кг және 100+ кг салмақ дәрежелері бойынша өзара сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
I орын – Жаратылыстану-техникалық факультеті
II орын – Физика-математика факультеті
III орын – Құқық және экономика факультеті
Жүлделі орынға ие болған командалар мен жеңімпаз студенттер Басқарма Төрағасы – Ректор кубогымен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ










