Стартап байқауы жеңімпаздарын марапттау рәсімі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2026 жылғы 09 сәуірде Ғылым қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты шарада «Zhetysu Startup – 2026» инновациялық идеялар конкурсы жеңімпаздарының марапттау рәсімі өтті. Үздіктерге дипломдар, қаржылай сертификаттар мен бағалы сыйлықтарды Басқарма Төрағасы – Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Әбілтайұлы Бөрібаев табыстады. Жүлде қоры – 1 000 000 теңгені құрады.

Ағымдағы жылы байқау 6 бағытты қамтып, 61 жоба ұсынылды. Қорытынды нәтиже бойынша бірқатар номинация иегерлері мен жеңімпаздар анықталды. Атап айтқанда, 10 жоба орындаушылары «Үздік экологиялық стартап», «Үздік IT жоба», «Үздік әлеуметтік стартап», «Үздік агрожоба», «Үздік ғылыми идея», «Үздік бизнес-идея», «Үздік экологиялық стартап», «Үздік биотехнологиялық жоба», «Үздік көркем жоба», «Үздік этножоба» аталымдарымен марапатталды.

Жүлделі ІІІ орын және 60 000 теңге ақшалай сертификатының иегерлері: М. Языков, жетекшісі: Ә. Мейрамбекұлы («Tildy» жобасы); М. Ледомская, жетекшісі: А. Есимбекова («Fast Future» жобасы); Sheraz Amjad, жетекшісі: Р. Желдибаева, («Ready4AI» жобасы); Н. Мырзабек, жетекшісі: М. Джакыпбекова, («OnoMap Ilyas» жобасы).

Жүлделі ІІ орын және 90 000 теңге ақшалай сертификатының иегерлері: Ұ. Бейсенбай, жетекшісі: А. Касымова («Zhetysu Sky» жобасы); З. Дидичина, І. Дүйсенғали, жетекшісі: А. Ибраимов («EcoBox» жобасы); Ж. Есенгелді, жетекшісі: Н. Керімбай («Smart Tamshy» жобасы).

Жүлделі І орын және 120 000 теңге ақшалай сертификатының иегерлері: А. Суранчина, Л. Тұрлыбай, жетекшісі: А. Есимбекова («Zhetysu Science Hub» жобасы); А. Айдарұлы, Б. Абдиров, жетекшісі: А. Елепбергенова («Python тілін үйренуге арналған мобильді қосымша» жобасы); М. Омархан, Ж. Байбол, А. Асетхан, З. Махаматилла, жетекшісі: М. Қонысбекова («BasQAN» – су айдындарын интеллектуалды басқару жүйесі» жобасы).

Бас жүлде және 130 000 теңге ақшалай сертификатының иегерлері: Д. Сералиев, Б. Серік, Д. Ахметбай, жетекшісі: Қ. Шетиева («TravelApp» жобасы).

Конкурс ауқымы осы жылы кеңейіп отыр. Қаржыландыру көлемі артып, өтінім берушілер мен қатысушылар саны да екі есеге жоғарылаған. Биылғы байқау жеңімпаздарының жобалары инновациялық жаңашылдығы, ғылыми өзектілігі және әлеуметтік-экономикалық маңызымен ерекшеленіп отыр. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды айрықша жетістіктерімен құттықтаймыз!

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant