ТІЛШІ-ҒАЛЫМ Қ. САРБАСОВА АТЫНДАҒЫ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

2026 жылғы 09 сәуірде ғылым онкүндігі аясында тілші-ғалым                     Қ. Сарбасова атындағы лингводидактикалық зертхананың ашылу салтанаты өтті. Аталған жиынға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Әбілтайұлы Бөрібаев жетекшілік етіп, құттықтау сөз сөйледі. Ректор өз сөзінде жаңа зертхананың болашақ филолог мамандарды даярлауда, тілдік білім берудің сапасын арттыруда және заманауи лингводидактикалық технологияларды оқу үдерісіне енгізуде айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Шараға отандық жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, тіл білімі саласының мамандары, тіл жанашырлары мен университеттің профессор-оқытушылар құрамы, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Салтанатты жиын барысында Қ. Сарбасованың ғылым мен білім саласына қосқан үлесі ерекше аталып, оның ғылыми мұрасын дәріптеу мен жалғастырудың маңыздылығы көрсетілді. Зертхананың материалдық-техникалық жабдықталуына ардагер-ұстаз Қ. Сарбасованың отбасы демеушілік жасап, білім мен ғылымды қолдаудағы азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.

AI Assistant