7-сәуір күні мектеппен байланыс аясында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері, ф.ғ.к. Г.Т. Сырлыбаева және оқытушы-дәріскер, магистр Д.Б. Есимбекова Талдықорған қаласындағы №28 IT лицейінің әкімшілігі мен педагогикалық ұжымына арналған «Ғылыми сауаттылық және ғылыми-зерттеу жұмысының түрлері» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізді. Семинар барысында спикерлер ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидаттарын жан-жақты түсіндіріп, қазіргі кезеңдегі ғылыми сауаттылықтың өзектілігі мен маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ғылыми зерттеу жүргізудің әдіснамалық ерекшеліктері мен практикалық қырлары кеңінен талқыланды. Іс-шараның сұрақ-жауап бөлімінде қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасып, тұшымды жауаптар алды.

