2026 жылдың 9-сәуірінде мектеп оқушылары арасында ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова атындағы «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауы өтті.
«Til Daryn» инновациялық жобалар байқауының мақсаты – филология бағытындағы шығармашылық және инновациялық жобаларды қолдау; тіл үйрену үдерісіне заманауи технологияларды енгізу; жас өнертапқыштардың, зерттеушілердің және болашақ лингвистердің әлеуетін дамыту; өңіріміздегі филолог ғалымдардың ғылыми еңбектерін насихаттау. Бұл байқау университеттің ардагер-ұстазы, ғалым Сарбасова Қарлығаш Базарбекқызының ғылыми шығармашылығына арналды.
Ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова атындағы «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауына Жетісу облысының Алакөл, Сарқан, Ескелді ауданы және Талдықорған қаласы мектептерінен 12 жоба ұсынылды.
Ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова атындағы «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауының нәтижесі:
І орын – Жасклен Інжу. Ғылыми жетекшісі: Исыпқали Асель Серікпайқызы. Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі, Сарқан қ. Жүлде қоры – 70 000 теңге.
ІІ орын – Рахымқазы Мұқағали, Дастанұлы Дәрмен. Ғылыми жетекшісі: Дукенбаева Роза Сергазиевна. Талдықорған қаласы «№29 орта мектеп-лицей» КММ. Жүлде қоры – 50 000 теңге.
ІІІ орын – Алимұрат Нариман. Ғылыми жетекшісі: Молдағалиева Мәдина Асқарқызы, Әбіш Самат Қанатұлы. «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі» КММ. Жүлде қоры – 30 000 теңге.
«ҮЗДІК ЦИФРЛЫҚ ЖОБА» номинациясы – Жанибек Алихан, Бауыржан Айым, Сұлтанбек Асылназ. Ғылыми жетекшісі: Аязбаева Ардақ Базарханқызы. Талдықорған қаласы, Құлжабай Қасымов атындағы №28 ІТ лицей-мектебі.
«ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОБА» номинациясы – Ділмұрат Рахима, Тлеуберді Дулат. Ғылыми жетекшісі: Жүнісбек Ләззат Ниетқазықызы. Талдықорған қаласы, «Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» КММ.
«ҮЗДІК ӘДЕБИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБА» номинациясы –Есетов Алинұр Дарханұлы. Ғылыми жетекшісі: Тилепалдиева Ляззат Минуаровна. Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 КММ
«ҮЗДІК КРЕАТИВТІ ЖОБА» номинациясы – Ерланова Санжана. Ғылыми жетекшісі: Рахатова Самал Искаковна. Талдықорған қаласы, Ш.Уәлиханов атындағы 10 орта мектеп- гимназиясы.
«ҮЗДІК ТІЛТАНЫМДЫҚ ЖОБА» номинациясы – Мұрат Айзере. Ғылыми жетекшісі: Қойшыбай Әйгерім Ерболқызы. Талдықорған қаласы, «Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектеп» КММ.
Ғылыми байқауға қатысқан барлық жас зерттеушілерге естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

