






2026 жылғы 7–8 сәуірде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 6В013 – «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті.
«Digital-педагог: интеллект, технологиялар, білім беру» тақырыбындағы олимпиада – педагогикалық білім берудің заманауи даму үрдістерін айқындап, болашақ педагогтердің кәсіби және цифрлық құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған.
Олимпиадаға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті педагогика және психология факультетінің студенттері Алтынай Казитай, Алтынай Бакыт, Нұрай Нұрқызы, Аружан Тоқтасын қатысты.
Команданың ғылыми-әдістемелік жетекшісі оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының оқытушы-дәріскері Асель Исатаева.
Байқау қорытындысы бойынша команда теориялық білімнің жоғарылығын, педагогикалық және цифрлық құзыреттіліктердің қалыптасқандығын, сондай-ақ кәсіби бағытталған тапсырмаларды шешу қабілетін көрсетіп III орынға ие болды.
Білім додасында жеңімпаз болған студенттер мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!
#SDG #ЦУР #ТДМ




