Білім беру бағдарламасы6В05201 Экология
БББ мақсаты Экология, экологиялық білім беру, тәрбиелеу және қоршаған ортаны қорғау саласында еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа формациядағы кәсіби-құзыретті мамандарды дайындау.
БББ түріәрекететуші
ҰБШ бойынша деңгей6
СБШ бойынша деңгей6
Берілетін академиялық дәреже  «6В05201 Экология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры
Оқыту мерзімі 4
Кредиттердің көлемі 240
Оқыту тіліқазақ, орыс
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандарт
                             Оқытудың нәтижесі
1Әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылымдар саласындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың қазақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі контексінде көптілді ортада тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас кезінде белсенді азаматтық ұстанымды көрсетеді
2Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық, әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдануға қабілетті
3Тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимылдың ғылыми міндеттерін шешу үшін қазақ/орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияға қабілетті
4Жалпы экологиялық жүйелер мен биосфераның қызметін, тірі организмдердің тіршілік ету ортасының факторларымен өзара әрекеттесуінің жалпы заңдылықтарын меңгерген; адамның биологиялық және әлеуметтік мәні ретіндегі экологиялық ерекшеліктерін, адам-қоғам-табиғат жүйесінің эволюциясының тарихын және даму кезеңдерінде оның қызмет ету ерекшеліктерін, адамның әлеуметтік және табиғи тіршілік ету ортасының сапасын басқарудың саяси, құқықтық және экономикалық механизмдері туралы білімді қолданады
5Химиялық көрсеткіштер бойынша табиғи ортаның сапасын бағалайды; қоршаған ортада ластаушы заттардың тәртібін, сондай-ақ агроландшафттардағы топырақтың химиялық құрамы мен қасиеттерінің өзгеруін болжай алады
6Кәсіби қызмет саласында өмір сүру және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері бойынша білімді тәжірибеде қолданады
7Жердің жарамдылығын бағалайды және топырақ құнарлылығын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдайды; мелиорацияланған топырақ жай-күйінің диагнозы және құрғату жүйесінің тиімділігін бағалау әдістерін біледі; мелиорацияланған жерлерді бастапқы игеру, өсіру және шалғындандыру бойынша іс-шаралар кешенін әзірлейді
8Жер шарында, Қазақстан Республикасының аумағында табиғи ресурстардың қазіргі жай-күйі мен орналасуын; әлемдегі және ҚР табиғи-ресурстық әлеуетінің жай-күйін талдайды
9Табиғи ортаның экологиялық жай-күйін бағалайды; өндірістің қоршаған ортаға техногендік әсеріне мониторинг және бағалау жүргізеді; белгіленген талаптардың, қолданыстағы нормалардың, ережелер мен стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады
10Табиғи ортада ластаушылардың әртүрлі типтерінің таралуын болжайды, бағалайды және жоюды жүргізеді; әртүрлі қалдықтарды кәдеге жарату, зарарсыздандыру және көму жөніндегі іс-шараларды жүргізеді; қалдықтарын қайта өңдеу және қайта пайдалану процесін ұйымдастырады
11Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін қоршаған ортаны қорғаудың нақты мәселелерін шешу үшін пәнаралық ғылыми зерттеулер жүргізеді; ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жасайды және ұсынады; ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолданады, компьютерлік технологияны қолдану арқылы алынған мәліметтерді өңдейді және түсіндіреді
12Заттардың геноуыттылығын бағалайды және тірі организмдердің популяциясына геноуыттылық факторлардың әсер ету салдарын болжайды