Білім беру бағдарламасы

6В08101 – Агрономия

БББ мақсаты 

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, табиғи және материалдық ресурстарды тиімді пайдалану, өнімді сақтау, өсімдік шаруашылығы өнімдерін бастапқы және қайта өңдеу бойынша кәсіби қызметте пәндік-мамандандырылған құзыреттілікке ие, оның әлеуметтік ұтқырлығы мен еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігіне  ықпал ететін әр түрлі меншік нысанындағы агроөнеркәсіптік кешенінің  ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында агроном ретінде жоғары білікті мамандарды даярлау.

БББ түрі

жаңа

ҰБШ бойынша деңгей

6

СБШ бойынша деңгей

6

Берілетін академиялық дәреже  

«6В08101 – Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры

 

Оқыту мерзімі 

4

Кредиттердің көлемі 

240

Оқыту тілі

қазақ, орыс

Басқарма отырысында  БББ бекітукүні

07.04.2021 (хаттама № 4)

Кәсіби стандарт

Көкөністер мен картоп өсіру; Қант қызылшасы мен оның тұқымдарын өсіру;

Питомниктер қызметі; Жылыжай көкөністері мен жидектерін өндіру.

Оқытудың нәтижесі

1

Әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылымдар саласындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың қазақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі тұрғысынан көптілді ортада тұлғааралық және мәдениетаралық коммуникация кезінде белсенді азаматтық ұстаным таныту;

2

Тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимылдың ғылыми міндеттерін шешу үшін қазақ/орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияны жүзеге асыру; түрлі дереккөздер мен дерекқорлардан ақпаратты іздеуді, сақтауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асыру, ақпараттық, компьютерлік және желілік технологияларды пайдалана отырып, оны талап етілетін форматта ұсыну;

3

Табиғи ортаның сапасын химиялық көрсеткіштер бойынша бағалау; агроландшафттағы топырақтың химиялық құрамы мен қасиеттерінің өзгеруін болжау; топырақтың құнарлылығын және қолданылатын тыңайтқыштарды ескере отырып, топырақты өңдеу жүйесін бейімдеу;

4

Өсімдік шаруашылығы, егіншілік, селекция және тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау саласындағы өзекті практикалық міндеттерді шешу үшін агротехникалық жұмыстарды ұйымдастыру;

5

Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестеріне қарсы күрес әдістерін талдау және қолдану; зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау және профилактикалық іс-шаралар жүйесін әзірлеу және негіздеу;

6

Аймақтарда ауыл шаруашылығын метеорологиялық қамтамасыз етудің қазіргі заманғы тәсілдерін пайдаланады; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде агрометеорологиялық ақпаратты қолдана біледі; белгіленген талаптардың, қолданыстағы нормалардың, ережелер мен стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады; әртүрлі қалдықтарды кәдеге жарату, зарарсыздандыру және көму жөніндегі іс-шараларды жүргізеді; ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу және қайта пайдалану процесін ұйымдастырады;

7

Жаңа сорттарды, технологиялық әдістерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын қолданудың экономикалық тиімділігін талдау; әртүрлі экономикалық және ауа-райы жағдайларында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларын іске асыру бойынша шешімдер қабылдау;

8

Жердің ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін жарамдылығын бағалау; топырақ құнарлылығын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдайды; мелиорацияланған топырақтың жай-күйін диагностикалау және құрғату жүйесінің тиімділігін бағалау әдістерін пайдаланады; мелиорацияланған жерлерді бастапқы игеру, құнарландыру және шалғындандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлейді;

9

Өсімдіктердің микроклональды көбеюі мен сауығуы, жасуша селекциясы, өсімдік селекциясындағы молекулалық және биохимиялық маркерлер үшін жасушалық және тіндік дақылдарды қолдануды анализдеу;

10

Биотехнологиялық әдістермен жасалған өсімдіктердің интродукциясының салдарын болжайды; маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін биотехнологиялық тәсілдерді пайдаланады;

11

Жеміс бау-бақшасы, жеміс және көкөніс питомнигінде агротехникалық жұмыстарды ұйымдастырады; негізгі көкөніс, жемдік және дәнді дақылдарды өсірудің қазіргі заманғы технологияларын пайдаланады;

12

Автомобильдер мен тракторлардың, олардың механизмдері мен жүйелерінің конструкциясын бағалайды; машина-трактор агрегаттарын және ауылшаруашылық кәсіпорындар паркін толықтырады; машиналар мен механизмдердің өндірісі мен техникалық пайдаланудың технологиялық процесін тиімді ұйымдастырады;