Білім беру бағдарламасы

6В01502 – Математика-информатика

БББ мақсаты 

Қазіргі педагогика, математика және информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі, заманауи ақпараттық технологияларды білетін, білім беру саласындағы зерттеу міндеттерін анықтау және шешу үшін теориялық және практикалық білімді меңгерген бакалаврды дайындау

БББ түрі

жаңа

ҰБШ бойынша деңгей

6

СБШ бойынша деңгей

6

Берілетін академиялық дәреже  

«6В01502 – Математика-информатика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

Оқыту мерзімі 

4

Кредиттердің көлемі 

240

Оқыту тілі

қазақ, орыс

Басқарма отырысында  БББ бекітукүні

07.04.2021 (хаттама № 4)

Кәсіби стандарт

Педагог

 

 

                             Оқытудың нәтижесі

1

Әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылымдар саласындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың қазақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі контексінде көптілді ортада тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас кезінде белсенді азаматтық ұстанымды білдіреді;

2

Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді ұғынуға инновациялық тәсілдерді бағалауға және қолдануға қабілетті;

3

Даму процестерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін болжай, жоспарлай және басқара алады;

4

Математиканың классикалық бөлімдерінің білімі мен түсінігін көрсетеді, математикалық ойлау әдістерін, математикалық терминологияны, кәсіби деңгейде типтік есептерді шешу тәсілдерін біледі;

5

Байқалатын фактілер мен құбылыстарды математикалық әдістермен талдайды және синтездейді, іргелі математикалық ұғымдарды білу мен түсінуді көрсетеді, классикалық және қазіргі заманғы физиканың теориялық негіздерін тәжірибеде қолдана алады.

6

Бағдарламалар мен операциялық жүйе арасындағы, сондай-ақ операциялық жүйе мен компьютердің жабдығы арасындағы өзара әрекет қағидаларын талдайды және синтездейді, ағымдағы есептер үшін оңтайлы операциялық жүйені таңдай алады және таңдалған операциялық жүйе үшін қолданбалы бағдарламаларды оңтайландыра алады, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудің қазіргі заманғы даму үрдістеріне бағдарланады.

7

Программалаудың негізгі технологияларын қолданады, алгоритмдерді әзірлеудің әртүрлі әдістерін пайдалана отырып және есептерді қоюға байланысты ең қолайлы алгоритмдер мен оларды іске асыру құралдарын таңдай отырып, есептерді шеше алады, бағдарламаларды әзірлеудің әдістері мен аспаптық құралдарын меңгерген;

8

Математикалық білім беруді құру моделін әзірлейді, математика мен информатиканы оқытудың принциптерін, әдістері мен технологияларын бағалайды. Әр түрлі есептерді шешу әдістемесін біледі, оқу жұмысында пәнішілік және пәнаралық байланыстарды жүзеге асырады, логикалық пайымдаулар жүргізуге қабілетті, көптілді ортада ауызша және жазбаша түрде математикалық білімдерді дәйекті негіздеуге және дұрыс ұсынуға қабілетті.

9

Жаңартылған білім беру мазмұнының, инклюзивті білім берудің ерекшеліктерін бағалайды, оқушылардың күтілетін нәтижелерін критериалды бағалау технологиясын пайдаланады, болашақ кәсіби қызметте жаңартылған білім беру мазмұнының стратегиясын қолданады.