Білім беру бағдарламасы |
6В02302 Филология |
БББ мақсаты |
ҚР еңбек нарығының талаптарына лайықты; өзгермелі әлемде игерген терең білімі, кәсіби дағдысы негізінде жеңіл бейімделе алатын, эмоционалды интеллекті деңгейі жоғары, қазақ филологиясын дамытуда жетекші рөл атқаруға дайын, жоғары білікті филолог-мамандар даярлау. Әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдаса отырып заманауи талаптарға жауап беретін ұлттық филологиялық білім берудің моделін қалыптастыру. |
БББ түрі |
Жаңа БББ |
ҰБШ бойынша деңгей |
6 |
СБШ бойынша деңгей |
6 |
БББ айрықша ерекшеліктері |
Жоқ |
Берілетін академиялық дәреже |
Бакалавр |
Оқыту мерзімі |
4 |
Кредиттердің көлемі |
240 |
Оқыту тілі |
Қазақ |
Басқарма отырысында БББ бекітукүні |
07.04.2021 (хаттама № 4) |
Кәсіби стандарт |
ҰБШ және СБШ негізінде, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып әзірленген |
№ |
Оқытудың нәтижесі |
1 |
көптілді ортада тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация барысында әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылым салаларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың казақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі аясында белсенді азаматтық позицияны танытады. |
2 |
құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық, әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдануға қабілетті. |
3 |
қазақ тілінің фонетика, лексикология, морфология, синтаксис салалары бойынша теориялық білімін көрсетеді; жоғары эмоционалды интеллекті, шешендік өнер мен сөйлеу әдебін көрсетеді; тіл тарихының негізгі кезеңдері мен өкілдері, ағымдары мен жаңа бағыттарын ажыратады; тілдерді генеологиялық, типологиялық, функционалдық тұрғыда жіктейді; қазақ жазуының тарихын, емлесін сипаттайды. |
4 |
қазақ тілі грамматикалық құрылымының тарихи өзгерістерін зерттейді, көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасайды, алаш дәуіріндегі тілтанушылардың ғылыми тұжырымдарын басшылыққа алады, түркі тілдерінің грамматикалық ерекшеліктерін жалпылайды. |
5 |
қазақ және шетелдік ақын-жазушылардың шығармашылығына идеялық-мазмұндық, жанрлық ерекшелік, сюжеттік-композициялық, стильдік, поэтикалық тұрғыда кешенді талдау жасайды; түркі халықтары әдебиетінің даму бағытын бағалайды. |
6 |
іскерлік коммуникацияның құралдары мен стратегиясын қолданады; мәдениетаралық деңгейде сұхбаттасады; қазақ тілінде іс қағаздар жүргізеді; академиялық мәтінді интерпретациялайды; қазақ-орыс тілдерінде ауызша және жазбаша аударма жасайды; тілдік объектілерге лингвистикалық сараптама жасайды. |
7 |
әлеуметтік, мәдени, кәсіби қызмет саласында сараптамалық, консалтингтік, аналитикалық қызмет көрсетеді; жасанды интеллектідегі қазақ тілі қолданысының мәселесін шешеді; тіл саясатының бағыттары мен әртүрлі бағдарламалардың тілдік ортаға ықпалын бағалайды. |
8 |
әдебиет теориясы мен сынын, поэтикасын сын тұрғысынан талдайды; қазақ әдебиеті тарихындағы негізгі кезеңдерді, бағыттарды, мектептерді, оның өкілдерін ажыратады; әдеби тұжырымдарды салыстырады. |
9 |
лингвистика теориясы мен лингводидактиканың қазіргі ғылыми-зерттеулеріндегі жаңалықтарды сыни тұрғыда талдайды; тіл білімінің жаңа бағыттарындағы негізгі теориялар мен концепцияларды салыстырады; тілдік ортаның дамуына ықпал ететін экстралингвистикалық және интралингвистикалық, транслингвистикалық факторларды ажыратады, түркі тілдерінің грамматикалық тұлғаларын салыстырады. |
10 |
қазақ әдеби тілінің тарихын негіздейді; тілдік обьектілердің стильдік ерекшеліктерін бағалайды; жалпы тіл білімінің теориялық тұжырымдарына, функционалды грамматика теориясына қатысты пікір білдіреді, тілдің танымдық, мәдени, этникалық, психологиялық, қолданбалық ерекшелігін дәйектейді. |
11 |
қазақ тілінде сауатты, тілдік, стильді нормаға сай жазба жұмыстар, шығарма, эссе, әңгіме құрастырады; тіл блімінің жаңа бағыттарының даму үдерісіне қатысты болжам жасайды; қазақ тілі бойынша зерттеуді жоспарлайды. |
12 |
қазақ тілінің дамуына ықпал ететін әлеуметтік, ғылыми жобалар жасайды; қазақ тілі бойынша ғылыми жұмысты ұйымдастырады, бағалайды; лингвистиканы зерттеуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігін бағалайды. |