Білім беру бағдарламасы

6B01503 Физика

БББ мақсаты 

ұлттық білім беру моделі негізінде жоғары адамгершілік мәдениеті бар, физика пәні мұғалімінің педагогикалық қызметі бойынша терең және берік білімі, білігі мен дағдылары қалыптасқан жоғары білікті мамандарды даярлау.

БББ түрі

Қолданыстағы БББ

ҰБШ бойынша деңгей

6

СБШ бойынша деңгей

6

Берілетін академиялық дәреже  

  Бакалавр 

Оқыту мерзімі 

4

Кредиттердің көлемі 

240

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

Басқарма отырысында  БББ бекітукүні

07.04.2021 (хаттама № 4)

Кәсіби стандарт

Педагог

 

                             Оқытудың нәтижесі

1

Көптілді ортада тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация барысында әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылым салаларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде, олардың казақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі аясында белсенді азаматтық позицияны таныту

2

Құқықтық, экономикалық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортадағы  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы қоғамдық әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді зерделеуде зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерді бағалау және қолдану қабілетіне ие.

3

 Даму процестерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін болжау, жоспарлау және басқару

4

физикалық құбылыстарды түсіндіру, жалпы және теориялық физиканың іргелі бөлімдерінің, астрономияның негізгі теориялық білімдерін кәсіби міндеттерді шешу үшін қолдану, физика заңдарын білу және олардың қолданылуын, жүргізілген бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін, нақты жағдайларда ғылыми таным әдістерінің қолданылуын, экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан физикалық процестермен байланысты адамның тұрмыстық және өндірістік қызметінің салдарын бағалау

5

Әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынас дағдыларына ие болу, физиканың теориялық және эксперименттік негіздері, компьютерлік технологиялар, физиканы шет тілінде оқыту технологиялары бойынша білімдерін қолдану, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолдану, Академиялық этика мен академиялық адалдық қағидаттарының маңыздылығын түсіну

6

Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жаңа тәсілдерді (тұлғаға бағытталған, құзыреттілік, диалогтік, коллаборативті), саралау әдістерін, критериалды бағалау жүйесін, цифрлық технологияларды қолдану, қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыру әдістемесін қолдану

7

Білім беру ортасында білім алушылардың жобалық қызметін басқарудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, физика және оның қосымшалары саласында ғылыми зерттеу жүргізу әдістерін, оқытудың қазіргі заманғы ақпараттық және педагогикалық технологияларын қолдана отырып, оқыту әдістемесін білу; аспаптар мен құрылғылардың жұмыс принциптері мен сипаттамаларын, ғылыми жаңалықтарды пайдалану саласын, нанотехнологияларды қолдану саласын, сондай-ақ әлемнің жай-күйін және оның дамуының ықтимал жолдарын сипаттайтын параметрлерді талдау

8

Типтік кәсіби есептердің математикалық модельдерін жасау және модельдердің қолданылу шекарасын ескере отырып алынған нәтижелерді түсіндіру, кәсіби қызметте математиканың іргелі бөлімдерінің базалық білімін пайдалану

9

Практикалық тапсырмалардың теориялық және эксперименттік нәтижелерінің шешімдерін талдау және олардың дұрыстығын бағалау, физикалық эксперимент ұйымдастыру (зертханалық, демонстрациялық, компьютерлік)

10

 Эксперименттік жұмысты дербес жоспарлау, зерттеуді ұйымдастыру, оны дұрыс жүргізу, математикалық статистика аппаратын қолдана отырып алынған деректерді шебер өңдеу, жиналған және өңделген деректерді, баяндама, презентация, ғылыми модель және гипотезалар, дәлелдер мен түсініктемелер түрінде ұсыну үшін ақпаратты синтездеу