Білім беру бағдарламасы6B01505 Информатика
БББ мақсаты Информатика саласында білім беру, инновациялық, зерттеу, ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыратын жеткілікті білім көлемі мен құзыреттілік деңгейі бар жоғары білікті педагогтарды дайындау.
БББ түріәрекет етуші
ҰБШ бойынша деңгей6
СБШ бойынша деңгей6
Берілетін академиялық дәреже  «6B01505 Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Оқыту мерзімі 4
Кредиттердің көлемі 240
Оқыту тіліқазақ, орыс, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартПедагог
                             Оқытудың нәтижесі
1Көптілді ортада тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация барысында әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылым салаларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың казақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі аясында белсенді азаматтық позицияны танытады.
2Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық, әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдануға қабілетті.
3Даму процестерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін болжау, жоспарлау және басқара алады.
4Байқалған фактілер мен құбылыстарға физика-математикалық әдістерді қолдана отырып, қазіргі математиканың негізгі математикалық нысандары мен түсініктері туралы білімі мен заманауи физика түсінігін көрсететіп талдау жасайды.
5Шығармашылық, ғылым және инновациялық шешімдерді енгізу үшін білім беру ортасын құру үшін, аналитикалық қабілеттерді, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін және цифрлық оқыту технологияларын қолдана отырып білім беру ортасын құру үшін ойлаудың алгоритмдік және шығармашылық тәсілдерін қолданады.
6Орта және жоғары күрделіліктегі Android қосымшаларын әзірлеу, заманауи, кәсіби дизайнда және күрделі функционалдылықты сайттар құру, жеке жобаларын іске асыру үшін бағдарламалау тілдері мен мәліметтер базасы туралы білімді тәжірибеге енгізеді.
7Оқыту, зерттеу және ғылыми-технологиялық әлеуетті арттыру, проблемалық, сыни, инновациялық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту үшін пәнаралық және жобалық тәсілді жүйелейді және жүзеге асырады.
8Электронды компоненттердің роботты қондырғысын әзірлейді, робот техникасының классикалық міндеттерін шешеді, схема және бағдарламалау туралы білімін көрсетеді, алгоритмдерді жасайды, олардың дұрыстығын негіздейді және нәтижелерді сенімді түрде түсіндіреді.
9Информатика пәні мұғалімінің оқу және практикалық қызметіндегі проблемаларды шешу және зерттеу үшін алған білімдерін талдайды және бағалайды, оқу барысында қалыптасқан білім негіздерін, қабілеттер мен дағдыларды дербес анықтайды, жинақталған және өңделген деректерді есеп, презентация, ғылыми үлгі түрінде ұсыну үшін синтездейді.