№ | Оқытудың нәтижесі |
1 | Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық, әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдануға қабілетті |
2 | Базалық, бейінді және қолданбалы ғылымдар саласында терең білім негізінде жүйелі экономикалық ойлауға ие болады, барлық экономикалық құбылыстар мен процестердің мәні мен логикасын түсінеді, талдау мен есептілікті жасау үшін ғылыми-практикалық, статистикалық және талдамалық ақпаратты жинау мен интерпретациялауды жүзеге асырады |
3 | ҚР макроөңірлерінің даму ерекшелігін түсінеді, өңірлердің ел экономикасына қосқан үлесіне салыстырмалы талдау және бағалау жүргізеді, әлемдік шаруашылық процестерге түсінеді және ел экономикасы үшін жаһандық сын-қатерлерді айқын көрсетеді |
4 | Кәсіпкерлік субъектісін ұйымдастыру алгоритмін қолдануға қабілетті, фирмалар мен кәсіпкерлердің бизнес-жоспарларын әзірлейді, бизнес-процестерді модельдеу және оңтайландыру үшін бәсекелестік ортаны талдайды |
5 | Даму мүмкіндіктері мен проблемаларын анықтау мақсатында кәсіпорын мен ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді талдау мен диагностика жүргізеді, тұрақты дамуға қол жеткізу нұсқаларын ұсынады |
6 | Салалар, аймақ деңгейіндегі процестер мен құбылыстарды сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу мен талдаудың қазіргі заманғы әдістемесін қолдануға қабілетті және даму перспективаларын анықтайды |
7 | ұсынылып отырған басқару шешімдерінің нұсқаларын сыни бағалайды, саланы, фирмаларды, өңірді және кәсіпкерлерді дамыту стратегиясын жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдайды |
8 | Инвестициялық жобалардың тиімділігі мен табыстылығын дәлелдейді, кәсіпорынды дамытудың инновациялық нұсқаларын ұсынады, еңбекті нормалаудың, еңбек ақыны ұйымдастырудың тиімді әдістерін таңдайды |
9 | Фирмалар мен ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастырады, сыртқы экономикалық мәмілелер жүргізеді, қажетті құжаттарды дайындайды, келіссөз процесінде фирманың позицияларын қорғайды және мәселелерді шешудің нұсқаларын ұсынады, басқа қызметтермен және мамандармен байланыс жасайды |
10 | Процестерді, олардың арасындағы функционалдық байланыстарды жоспарлауды және болжауды жүзеге асырады, стандартты эконометриялық модельдерді құру тәсілдерін синтездейді және кәсіпорынның, өңірдің, саланың тиімді қызметі мақсатында алынған нәтижелерді тиімді іске асырады |
11 | Кәсіби ортада аналитикалық және зерттеу есептерін шешу үшін экономикалық-математикалық модельдеу дағдыларын қолданады |
12 | Әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстар туралы отандық және шетелдік статистиканың деректерін талдау және түсіндіру, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өзгеру үрдісін анықтау қабілеті |