Білім беру бағдарламасы

6B06102 Ақпараттық жүйелер

БББ мақсаты 

Ақпаратты өңдеудің өте тиімді әдістерін меңгерген және алған білімдерін ақпараттық жүйелер саласында қолдана алатын, тәжірибелік дағдылар мен көшбасшылық қасиеттерге ие, жоғары білімді мамандарға қойылатын қазіргі заманғы талаптарға сай келетін білікті мамандарды дайындау.

БББ түрі

Қолданыстағы БББ

ҰБШ бойынша деңгей

6

СБШ бойынша деңгей

6

Берілетін академиялық  дәреже  

  Бакалавр

Оқыту мерзімі 

4

Кредиттердің көлемі 

240

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

Басқарма отырысында  БББ бекітукүні

07.04.2021 (хаттама № 4)

Кәсіби стандарт

Бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу;  

 

                             Оқытудың нәтижесі

1

Көптілді ортада тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация барысында әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылым салаларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың казақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі аясында белсенді азаматтық позицияны таныту.

2

Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық, әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдану.

3

Ақпараттық жүйелерді жобалау мен деректер қорын басқарудың заманауи технологияларын, әдістері мен модельдерін білу.

4

Математикалық және физикалық модельдерді құра алады, математикалық және физикалық есептерді қою, жоғары сапалы математикалық және физикалық зерттеулер жүргізе алу, жүргізілген талдаулар негізінде практикалық ұсыныстар әзірлей алу.

5

Программалық кешендерді құрудың ерекшеліктерінің, алгоритмдерді безендендірудің типтік әдістемелерін және оларды жобалаудың негізгі тәсілдерінің негіздерін білу және түсіну; программалаудың  заманауи технологияларын, программалау ортасы мен құралдарын меңгеру.

6

Телекоммуникациялық желілер мен жүйелерді жоспарлау, жобалау, енгізу және пайдалану, оларды техникалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету дағдыларын көрсету.

7

Кибернетика және интеллектуалды робототехникалық жүйелер мен өнеркәсіптік-зерттеу кешендерін жобалау, құру және диагностикалау саласындағы компьютерлік технологияларды білу

8

Информатика, ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау саласындағы кәсіби білім дағдыларын қолдану.

9

Кәсіби қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалану: ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратудың бұлттық және мобильді қызметтері,  интернет-ресурстар

10

Әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас деңгейінде шет тілдерінде еркін сөйлеу, арнайы лексика және кәсіби терминологияны пайдалана алу.

11

Ақпараттық жүйелерді құру және енгізу саласында отандық және шетел тәжірибелерін талдау, ақпараттық жүйелерді жобалау мен құруда басқа салалардағы мамандармен өзара әрекеттесу.