Білім беру бағдарламасы

6B07501  Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

БББ мақсаты 

Қазақстан Республикасының және шетел кәсіпорындарында табысты қызметі үшін жеткілікті кәсіби және жеке құзыреттіліктерге ие, сондай-ақ бәсекеге қабілетті білімі мен дағдылары бар техникалық реттеу және сапаны басқару (өнімдер, қызметтер, технологиялық үдерістер) саласында жоғары білікті бакалаврларды даярлау

БББ түрі

Жаңа БББ

ҰБШ бойынша деңгей

6

СБШ бойынша деңгей

6

Берілетін академиялық дәреже  

«6B07501  Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

Оқыту мерзімі 

4

Кредиттердің көлемі 

240

Оқыту тілі

қазақ, орыс

Басқарма отырысында  БББ бекітукүні

07.04.2021 (хаттама № 4)

Кәсіби стандарт

Стандарттау;

Өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау;

Тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау

 

 

                             Оқытудың нәтижесі

1

Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортадағы қоғамдық әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді түсінуде инновациялық тәсілдерді бағалау және қолдану қабілетіне ие болу

2

Кәсіби қызметте жаратылыстану және инженерлік пәндер саласындағы базалық білімді қолдану

3

Стандарттау, сертификаттау және метрология саласында кәсіби қызмет шеңберінде және  білім алуды жалғастыруда жаңа білім алу және  жобалау-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру дағдыларын меңгеру

4

Өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің сапасын реттейтін негізгі нормативтік құжаттарды пайдалану; стандарттарды талдау; өнімдер мен қызметтердің сапасы мен техникалық деңгейіне сараптамалық бағалау жүргізу

5

Сынақтарды жоспарлау және жүргізу; сынақтардан алынған нәтижелерді өңдеу және талдау; сынақ нәтижелері бойынша бұйымдардың сапасы туралы шешімдер қабылдау; өнімдер мен қызметтерді сәйкестендіру және бұрмалануын анықтау қабілетіне ие болу

6

Сертификатталған өнімнің сертификаттау және сапа ережелерінің сақталуын бақылау және қадағалау, өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдауды негіздеу, өнімнің, қызметтердің, процестердің және сапа менеджменті жүйелерінің сапа деңгейін бағалау әдістерін таңдау саласында құзыретті болу

7

Стандарттардың, әдістемелік және нормативтік Материалдардың, техникалық құжаттаманың жобаларын әзірлеу; әзірленген жобалар мен бағдарламаларды іске асыру; белгіленген талаптардың, қолданыстағы нормалардың, ережелер мен стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру

8

Кәсіпорындардың сапа менеджменті жүйесінің өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру; Сапа менеджменті жүйесін тексеру кезінде сәйкессіздіктерді анықтау

9

Сапа жүйелері мен өндірістерге сертификаттау жүргізу, аккредиттеу және лицензиялау жөніндегі нормативтік құжаттарды іс жүзінде қолдану

10

Халықаралық және өңірлік стандарттарды, сондай-ақ аккредиттеу, мемлекеттік бақылау, аудит және қадағалау саласындағы нормативтік құжаттарды талдау

11

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Сертификаттау жүйесінің негізгі ережелеріне, сәйкестікті растау схемалары мен жүйелеріне, сәйкестікті растауды жүзеге асыру шарттарына, сәйкестікті растау ережелері мен тәртібіне талдау жүргізу

12

Қолданыстағы стандарттарды және стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі басқа да құжаттарды бағалау