Білім беру бағдарламасы7М01501 Математика
БББ мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары оқу орындарында, білім беруді басқару органдарында, білім беру ұйымдарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми, педагогикалық, кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыру үшін математикадан іргелі білімі бар, инновациялық тәсілдерді меңгерген, зерттеу дағдылары бар жаңа формадағы бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау болып табылады
БББ түріҚолданыстағы
ҰБШ бойыншадеңгей7
СБШ бойыншадеңгей7
Берілетін академиялық дәреже  магистр
Оқыту мерзімі 2 жыл
Кредиттердің көлемі 120
Оқыту тіліқазақ, орыс, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартПедагог
                             Оқытудың нәтижесі
1Мамандық бойынша ғалым және педагог ретінде интеллектуалды және практикалық міндеттерді тез және тиімді шешуге ықпал ететін жүйелі көзқарас пен жүйелі ойлау дағдыларын меңгереді
2Ғылымды табысты дамытуға мүмкіндік беретін математикалық білім саласында іргелі, сапалы, кәсіби білімді, терең мамандандырылған білімді меңгереді
3Іргелі және қолданбалы математика пәндерімен, математикалық модельдеу әдістерімен байланысты түсініктерді, идеяларды, әдістерді меңгереді
4Педагогикалық қызмет және оны ұйымдастыру барысында туындайтын дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді тұжырымдайды және шешеді;  жоғары мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен іске асырудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын қолданады
5Түрлі сандық педагогикалық технологиялардың ғылыми негіздерін қолданады, білім беру процесінде осы технологияларды қолдану тиімділігіне объективті психологиялық-педагогикалық баға (және өзін-өзі бағалау) береді
6Кең бейінді жалпы ғылыми және қолданбалы есептердің тиімді шешімдерін табу мақсатында нақты процестер мен объектілерді талдау кезінде математикалық және алгоритмдік модельдеу әдістерін қолданады
7Зерттеу тақырыбы бойынша шетел әдебиеттерін, ақпарат алу және рефераттау мақсатында шет тіліндегі кәсіби-бағытталған мәтіндерді талдайды
8Дәстүрлі және интерактивті оқыту әдістерін ажыратады; ЖОО-да педагогикалық практика кезінде осы әдістерді қолдану тәжірибесі болады
9Зерттелетін мәселе бойынша ақпаратты талдайды, оның математикалық сипаттамасын жасайды, ғылым мен ақпараттық жүйелердің қазіргі жетістіктерін, озық отандық және шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, жиналған деректердің жинақталуын, талдауын және жүйелеуін қамтамасыз етеді