Білім беру бағдарламасы

7М01503 Информатика

БББ мақсаты 

 білім беру қызметін тиімді ұйымдастыру мен жоспарлауға қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау, ғылыми-педагогикалық зерттеулер мен информатика мамандығы шектеуінде маңызды қолданбалы есептерді шешу мен формалдаужүргізу.

БББ түрі

Қолданыстағы

ҰБШ бойыншадеңгей

7

СБШ бойыншадеңгей

7

Берілетін академиялық дәреже  

магистр

Оқыту мерзімі 

2 жыл

Кредиттердің көлемі 

120

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

Басқарма отырысында  БББ бекітукүні

07.04.2021 (хаттама № 4)

Кәсіби стандарт

Педагог

                             Оқытудың нәтижесі

1

Ғалым және педагог ретінде зияткерлік және практикалық міндеттерді жылдам  және тиімді шешуге ықпал ететін жүйелендіру және жүйелі ойлау дағдыларын меңгеру;

2

Ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде шет тілін меңгеру;

3

Кәсіби мәдениеттің, сонымен қатар кәсіби қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейіне ие болу, зерттеу және басқару қызметін сәтті жүзеге асыру;

4

Тиімді және сенімді алгоритмдерді құрудың негізгі принциптерін меңгеру;

5

Ақпараттық жүйелер мен желілерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

6

Компьютерлік ғылымның жаңа тәсілдері мен әдістеріне салыстырмалы талдау жүргізу, қоғамды ақпараттандыру мәселелері бойынша өз ұстанымын білдіру және негіздеу;

7

Шешім жасауда зерттеу әдістерінің кешенін қолдану арқылы білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдауды, жүйелеуді және жалпылауды жүзеге асыру;

8

Оқытудың заманауи технологиялары шарттарында педагогикалық қызметті ұйымдастыру және білім берудің электрондық басылымдары мен білімді бағалау жүйесін әзірлеу;

9

Жоғары оқу орындарында компьютерлік ғылымдар пәндерін оқыту үшін оқу жоспарларын, бағдарламаларды және тиісті әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;

10

 Білім беру мультимедиалық қосымшаларын әзірлеу және бағдарламалау технологияларын меңгеру;

11

Білім беру процесінде қолданылатын электрондық басылымдарды, ресурстарды, сайттарды әзірлеу