№ | Оқытудың нәтижесі |
1 | Проблемалық сұраққа толық, дәлелді жауап құру, дискуссия, өріс, диалог жүргізу дағдыларын; басқару қызметінің функционалдық құрылымдары және басқарудың психологиялық әдістері туралы білімді, кешенді зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру қабілетін меңгерген |
2 | Шет тілін шетел көздерінен кәсіби ақпарат алу және кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасау үшін қажетті көлемде, жалпы және кәсіби бағыттағы шет тілді мәтіндерді оқу және аудару үшін қажетті көлемде іскерлік және кәсіби шет тілінің лексикасын, компьютерлік технологияларды пайдалану технологиясын және кәсіби шет тілін оқыту әдістемесін біледі |
3 | Экологиялық факторлардың түрлерін, қоршаған ортаның стресстік факторларына ағзаның бейімделу процестерінің механизмдерін біледі |
4 | Тәжірибе жүргізу, ғылыми зерттеулерді жоспарлау, заманауи биологиялық зерттеулер әдіснамасы, биологиялық зерттеулер саласындағы, ғылыми және өндірістік-технологиялық қызметте жаңа жетістіктер дағдысын меңгерген |
5 | Микроорганизмдерді өсіру әдістерін; микробиологиялық талдау үшін сынама алу, биотехнологиялық өндірісті микробиологиялық бақылау әдістерін, микробиологиялық зерттеулер үшін сынама дайындау әдістерін меңгерген |
6 | Өсімдіктің морфологиясы мен анатомиясын, гүл өсімдіктері өміріндегі жас және маусымдық өзгерістерді, тіршілік ету орнына байланысты олардың жіктелуін талдайды; омыртқалы жануарлардың анатомиялық-морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің салыстырмалы сипаттамасын, олардың ұйымдастырылу дәрежесін, олардың арасындағы филогенетикалық өзара қарым-қатынасты бағалайды |