Білім беру бағдарламасы

7М01501 Математика

БББ мақсаты 

Білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары оқу орындарында, білім беруді басқару органдарында, білім беру ұйымдарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми, педагогикалық, кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыру үшін математикадан іргелі білімі бар, инновациялық тәсілдерді меңгерген, зерттеу дағдылары бар жаңа формадағы бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау болып табылады

БББ түрі

Қолданыстағы

ҰБШ бойыншадеңгей

7

СБШ бойыншадеңгей

7

Берілетін академиялық дәреже  

магистр

Оқыту мерзімі 

2 жыл

Кредиттердің көлемі 

120

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

Басқарма отырысында  БББ бекітукүні

07.04.2021 (хаттама № 4)

Кәсіби стандарт

Педагог

 

                             Оқытудың нәтижесі

1

Мамандық бойынша ғалым және педагог ретінде зияткерлік және практикалық міндеттерді тез және тиімді шешуге ықпал ететін жүйелі көру және жүйелі ойлау дағдыларын меңгеру;

2

Кәсіби қасиеттерге ие болу: ғылыми, психологиялық-педагогикалық білім, заманауи оқыту әдістері мен таным;

3

Іргелі және қолданбалы математика пәндерімен, математикалық модельдеу әдістерімен байланысты идеялар мен әдістерді қолдану дағдыларын меңгеру; 

4

Педагогикалық іс-әрекет және оны ұйымдастыру барысында туындайтын дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді тұжырымдау және шешу, жоғары мектепте оқыту процесін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың дидактикасы мен технологиясы саласында оқытушылардың қазіргі заманғы әдістерін, практикалық жетістіктерін қолдана отырып;

5

Әртүрлі сандық педагогикалық технологиялардың ғылыми негіздерін қолдану, білім беру процесінде осы технологияларды қолданудың тиімділігіне объективті психологиялық-педагогикалық баға (және өзін-өзі бағалау) қою;

6

Жалпы ғылыми және қолданбалы міндеттердің тиімді шешімдерін табу мақсатында нақты процестер мен объектілерді математикалық және алгоритмдік модельдеу дағдыларын қолдану;

7

Ғылыми нәтижелерді жинақтау мақсатында көптілді ортада ғылыми коммуникацияны жүзеге асыру, шетелдік кәсіби терминологияны меңгеру, ғылыми әдебиеттерді, ғылыми-танымал мақалаларды, шет тіліндегі мәтіндер мен монографияларды талдау; 

8

Топтар теориясы, асимптология, интегралдық және сингулярлық ауытқу теңдеулері, оларды кәсіби қызметте пайдалану үшін шектік есептер саласында алған білімдерін біріктіру;

9

Ғылым мен ақпараттық технологиялардың заманауи жетістіктерін қолдана отырып, зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде жаңа идеяларды, гипотезаларды, әдістерді синтездеу.