№ | Оқытудың нәтижесі |
1 | кәсіби ортада шет тілінде тиімді мәдениетаралық қарым-қатынасты жүзеге асыру |
2 | кәсіби қызметте және мәдениетаралық коммуникативтік ортада басқару психологиясының принциптерін қолдану |
3 | мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы кезінде мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру қағидаттарын және жобалық басқару құралдарын қолдану |
4 | мемлекеттік органның персоналын басқаруда құзыреттілік тәсілді қолдану, мемлекеттік қызметте кадрлық саясатты қалыптастыру бойынша тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау |
5 | мемлекеттік, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін кешенді бағалау үшін саяси және басқарушылық талдау құралдарын пайдалану |
6 | мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу саясатын орындау үшін ресурстарды оңтайландыруға қатысу |
7 | мемлекеттік басқару міндеттерін іске асыру бойынша іс-шаралар кешенін жоспарлау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауының алдын алу, мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен сындарлы әріптестігін нығайту |