№ | Оқытудың нәтижесі |
1 | ғылыми дүниетанымды, интеллектуалдық және практикалық міндеттерді тез және тиімді шешуге ықпал ететін қоғамдық құбылыстарды жүйелі талдау дағдыларын меңгерген |
2 | ғылыми зерттеулер жүргізуге және педагогикалық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде шетел тілін меңгерген |
3 | мемлекеттік басқару саласында алған білімдерін өз бетінше дамыту және оларды ғылыми-педагогикалық және зерттеу қызметінде қолдану үшін пайдаланады |
4 | қазіргі қазақстандық және шетелдік тұжырымдамаларды, мемлекеттік басқару үдерістері мен құбылыстарын талдаудың теориясы мен тәсілдерін сын тұрғысынан талдайды |
5 | ғылыми және оқытушылық қызметте зерттеу мәселелерін шешу үшін әртүрлі пәндер аясында алынған білімді интеграциялайды |
6 | мемлекеттік, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару саласында басқарушылық шешімдерді әзірлейді |
7 | мемлекеттік қызметте кадр резервін қалыптастыру ерекшеліктерін ескере отырып, кадр саясатын іске асырады |
8 | тұрақты өсімге көшуді ескере отырып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлайды және болжайды |
9 | мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалайды |
10 | жобалық талдау және жоспарлау әдістері негізінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін басқарады |
11 | диссертация, жоба, ғылыми мақала, есеп, аналитикалық жазба, әдістемелік нұсқаулар түрінде ғылыми-зерттеу және талдау жұмыстарының нәтижелерін қорытады |
12 | мемлекеттік және жергілікті басқару саласында шешімдер қабылдауда кәсіби құзыретті |