Білім беру бағдарламасы7M04102 Мемлекеттік және жергілікті  басқару
БББ мақсаты   құзыреттілік тәсілге, көптілділікке және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, ұйымдастыру-басқару, өндірістік-басқару, талдау, сараптамалық-консультативтік қызметте кәсіби міндеттерді шешуге қабілетті магистрлерді даярлауға бағытталған оқытудың инновациялық технологияларын пайдалануға негізделген білімді іске асыру
БББ түріҚолданыстағы БББ
ҰБШ бойынша деңгей7
СБШ бойынша деңгей7
БББ айрықша ерекшеліктеріЖоқ
Берілетін академиялық дәреже  Магистр
Оқыту мерзімі 1
Кредиттердің көлемі 60
Оқыту тіліОрыс, қазақ,ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекіту күні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартФирманың ресурстарын жоспарлау және талдау саласындағы қызметі; Қаржылық менеджмент
                             Оқытудың нәтижесі
1кәсіби ортада шет тілінде тиімді мәдениетаралық қарым-қатынасты жүзеге асыру
2кәсіби қызметте және мәдениетаралық коммуникативтік ортада басқару психологиясының принциптерін қолдану
3мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы кезінде мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру қағидаттарын және жобалық басқару құралдарын қолдану
4мемлекеттік органның персоналын басқаруда құзыреттілік тәсілді қолдану, мемлекеттік қызметте кадрлық саясатты қалыптастыру бойынша тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау
5мемлекеттік, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін кешенді бағалау үшін саяси және басқарушылық талдау құралдарын пайдалану
6мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу саясатын орындау үшін ресурстарды оңтайландыруға қатысу
7мемлекеттік басқару міндеттерін іске асыру бойынша іс-шаралар кешенін жоспарлау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауының алдын алу, мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен сындарлы әріптестігін нығайту