| № | Оқытудың нәтижесі |
| 1 | Экономиканың қауіп-қатері, бәсекелестігі және жаһандануы жағдайында стратегиялық басқару шешімдерін әзірлеу кезінде стратегиялық менеджменттің қазіргі заманғы тәсілдерін, құралдары мен әдістерін қолдану |
| 2 | Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қазіргі заманғы талдамалық құралдарды қолдана отырып, бизнес зерттеулер жүргізу |
| 3 | Корпоративтік құқық және еңбек қатынастары саласындағы заңнаманы қолдану және зерттеу, сондай-ақ осы саладағы сот практикасына талдау жасау |
| 4 | Мәдениетаралық ортада кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін іскерлік және басқарушылық коммуникацияларды шетел тілінде қолдану дағдыларын меңгеру |
| 5 | Нақты деректерді талдауды қолдана отырып, денсаулық сақтау саласында кәсіби зерттеулер жүргізу |
| 6 | Құқықтың әр түрлі саласы бойынша нормаларын қолдану арқылы заң практикасымен айналысатын ұйымдағы құқықтық тәуекелдерді басқару |
| 7 | Стресстік жағдайлар туындаған кезде жағымсыз салдар мен кәсіптік тәуекелдерді жою әдістерін әзірлеу үшін стресс-факторларды бағалау |
| 8 | Құқықтық тәжірибесімен айналысатын ұйымдардың, соның ішінде мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің көшбасшылық әлеуетін бағалау арқылы персоналды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру |
| 9 | Мемлекеттік органдарда құқықшығармашылықтың тиімді жүйесін қалыптастыру, соның ішінде құқықшығармашылықта цифрлық технологияларды қолдану |
| 10 | Құқықтық және психологиялық реттеу принциптеріне негізделген жанжалдар мен даулы жағдайлардың алдын алу және шешу |