№ | Оқытудың нәтижесі |
1 | көптілді ортада тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация барысында әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылым салаларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың казақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі аясында белсенді азаматтық позицияны танытады |
2 | Адам құқығының пайда болуы, дамуы және жұмыс істеуі туралы алған білімдеріне негізделген құқықтық қағидаларды, заңнаманы және бұрынғы сот шешімдерін зерделейді және Қазақстан Республикасының конституциялық заңнамасындағы адам құқығының тарихи және теориялық тұрғыда кең ауқымды білімдеріне ие |
3 | Азаматтық, ақпараттық және экологиялық құқықтарының теория мен практикалық мәселелерін басқа құқық салалардың нормаларынан ажыратады және топтастырады, оларды басқа мемлекеттердің заңдарымен түсіндіреді және салыстырады, ситуациялық тапсырмаларды орындау кезінде өз пікірін қалай білдіруді біледі |
4 | қылмыстық заңнамалары бойынша, нақты қылмыстық істермен байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтың құрамын айқындайды, қылмысты қылмыстық құқықбұзушылықтан ажыратады және саралайды, қылмыстық заңнаманы және пенитенциярлық криминологияның негізгі институттарын салыстырады және түсіндіреді, қылмыстық құқықтың жалпы және ерекше бөлімдерінің нормаларын қолданып ситуациялық тапсырмаларды шешуде өз ойларын қалыптастыра алады және мысалдар келтіре алады |
5 | мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды танудың жаңа идеяларын, тәсілдерін және әдістерін құруға елеулі үлес қосып, теориялық және / немесе қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жоғары деңгейде жүзеге асыруға қабілетті |
6 | Отандық заңнамасына сай теория және тәжірибелік аспектіде азаматтық процесстің институттарының теория мен тәжірибелік мәселелерін талдау қабілеттеріне ие |
7 | Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен практикасының нормаларын қолданудың басқа салалардың нормаларынан ажыратып көрсетеді, қылмыстық процесске қатысушыларды топтастырады, қылмыстық істерді бөледі және біріктіреді, үкім қаулысын әзірлейді, Отандық қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды күшiне енген сот шешiмдерiн қайта қарау туралы өндірісі жайында қорытындылар шығарады |
8 | Отандық заңнамасына сай теория және тәжірибелік аспектіде әкімшілік процесстің институттарының теория мен тәжірибелік мәселелерін талдау қабілеттеріне ие |