Білім беру бағдарламасы7M04201 Құқықтану
БББ мақсаты   құқықтық нормаларды әзірлеу, жүзеге асыру, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықтық тәрбие және білім беру саласында, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың жоғары деңгейіне ие, сондай-ақ іргелі білім мен кәсіптік құзыреттілігі аса жоғары білікті заңгерлерді сапалы дайындау болып саналады
БББ түріҚолданыстағы БББ
ҰБШ бойынша деңгей7
СБШ бойынша деңгей7
БББ айрықша ерекшеліктеріЖоқ
Берілетін академиялық дәреже  Магистр
Оқыту мерзімі 1
Кредиттердің көлемі 60
Оқыту тіліОрыс, қазақ,ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекіту күні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартҰБШ және СБШ негізінде, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып әзірленген
                             Оқытудың нәтижесі
1көптілді ортада тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация барысында әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылым салаларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың казақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі аясында белсенді азаматтық позицияны танытады
2Адам құқығының пайда болуы, дамуы және жұмыс істеуі туралы алған білімдеріне негізделген құқықтық қағидаларды, заңнаманы және бұрынғы сот шешімдерін зерделейді және Қазақстан Республикасының конституциялық заңнамасындағы адам құқығының тарихи және теориялық тұрғыда кең ауқымды білімдеріне ие
3Азаматтық, ақпараттық және экологиялық құқықтарының теория мен практикалық мәселелерін басқа құқық салалардың нормаларынан ажыратады және топтастырады, оларды басқа мемлекеттердің заңдарымен түсіндіреді және салыстырады, ситуациялық тапсырмаларды орындау кезінде өз пікірін қалай білдіруді біледі
4қылмыстық заңнамалары бойынша, нақты қылмыстық істермен байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтың құрамын айқындайды, қылмысты қылмыстық құқықбұзушылықтан ажыратады және саралайды, қылмыстық заңнаманы және пенитенциярлық криминологияның негізгі институттарын салыстырады және түсіндіреді, қылмыстық құқықтың жалпы және ерекше бөлімдерінің нормаларын қолданып ситуациялық тапсырмаларды шешуде өз ойларын қалыптастыра алады және мысалдар келтіре алады
5мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды танудың жаңа идеяларын, тәсілдерін және әдістерін құруға елеулі үлес қосып, теориялық және / немесе қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жоғары деңгейде жүзеге асыруға қабілетті
6Отандық заңнамасына сай теория және тәжірибелік аспектіде азаматтық процесстің институттарының теория мен тәжірибелік мәселелерін талдау қабілеттеріне ие
7Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен практикасының нормаларын қолданудың басқа салалардың нормаларынан ажыратып көрсетеді, қылмыстық процесске қатысушыларды топтастырады, қылмыстық істерді бөледі және біріктіреді, үкім қаулысын әзірлейді, Отандық қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды күшiне енген сот шешiмдерiн қайта қарау туралы өндірісі жайында қорытындылар шығарады
8Отандық заңнамасына сай теория және тәжірибелік аспектіде әкімшілік процесстің институттарының теория мен тәжірибелік мәселелерін талдау қабілеттеріне ие