Білім беру бағдарламасы7M05202 Табиғатты пайдалану және экологиялық қауіпсіздік
БББ мақсаты Экологиялық қауіпсіздік және табиғатты пайдалану саласында өңірлік және халықаралық деңгейде өзекті теориялық және практикалық міндеттерді қоюға және бір мезгілде шешуге қабілетті жаңа буынның жоғары білікті, бәсекеге қабілетті экологтарды даярлау
БББ түріИнновациялық БББ
ҰБШ бойынша деңгей7
СБШ бойынша деңгей7
БББ айрықша ерекшеліктеріБірлескен БББ
Берілетін академиялық дәреже  магистр
Оқыту мерзімі 2
Кредиттердің көлемі 120
Оқыту тіліқазақ
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандарт 
                             Оқытудың нәтижесі
1педагогикалық қызметті ұйымдастыруды жүзеге асыру, педагогикалық мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдау және іске асыру; дербес алынатын ғылыми нәтижелерді толық және әдістемелік ұғыну үшін философиялық білімді пайдалану;
2табиғат пайдалануды басқаруда қызметті ұйымдастыру үшін тиімді командалық жұмысты жүзеге асыру;
3академиялық және кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті ақпаратты іздеу және пайдалану кезінде заманауи коммуникативтік технологияларды қолдану.
4экология және табиғатты пайдалану мәселелерін шешуде ГАЖ және статистикалық әдістерді қолдану;
5экологиялық қауіпсіздік деңгейін бағалаудың заманауи әдістерін жіктеу және ғылыми және өндірістік зерттеулер жүргізу;
6қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік жұмыстарды жоспарлау және практикада ұйымдастыру; ғылыми зерттеудің проблемаларын, міндеттері мен әдістерін бағалау;
7қоршаған ортаны қорғаудың тиімді іс-шаралары мен тәсілдерін таңдауды жүзеге асыру , талдау және бағалау; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жобалау;
8экологиялық проблемаларды зерттеудегі заманауи әдістер мен тәсілдерді талдау; табиғи экожүйелердің (орман және дала қауымдастықтарының) қазіргі заманғы проблемаларын бағалау және қалаларда қолайлы табиғи орта құру.
9аз қалдықты технология жолымен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
10қоршаған орта жай-күйінің мониторингін ұйымдастыру; қолайсыз әсерлерді және олардың қоршаған орта компоненттеріне әсер ету дәрежесін бағалау.