№ | Оқытудың нәтижесі |
1 | ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру мен басқаруға, белсенді әлеуметтік ұтқырлыққа дайын, ғалым және педагог ретінде интеллектуалды және практикалық міндеттерді тез және тиімді шешуге ықпал ететін жүйелі көзқарас пен жүйелі ойлау дағдыларын меңгерген |
2 | зерттеу тақырыбы бойынша шет тіліндегі ғылыми әдебиеттермен және ақпарат көздерімен жұмыс істейді, ағылшын тілінде физиканың теориялық және эксперименттік негіздері мен физиканы оқыту әдістемесі бойынша білімдерін қолданады |
3 | педагогикалық фактілерді, құбылыстарды, оқиғаларды қоршаған болмыстан бөліп көрсетеді, оларды педагогикалық ғылым тілінде сипаттайды, педагогикалық теориялардың заңдылықтарына сүйене отырып, олардың дамуын түсіндіреді және болжайды |
4 | жаратылыстанудың философиялық мәселелері бойынша білімдері мен философиялық категорияларды кәсіби қызметінде қолданады |
5 | физика дамуының негізгі бағыттарын және оның эволюциясының маңызды кезеңдерін біледі және түсіндіреді, бақылау мазмұнын сипаттап, дұрыс вербализациялайды, физикалық жүйелердегі жаңа құбылыстардың мағынасын түсіндіру дағдыларын меңгерген |
6 | әртүрлі физикалық есептерді шешуге дифференциалдық теңдеулерді қолданады, зерттеу тақырыбы бойынша ақпаратты өңдеу, талдау және жүйелеу үшін дифференциалдық теңдеулер құралдарын қолданады және қажет болған жағдайда математикалық әдебиетті қолданады |
7 | физикалық құбылыстардың мағынасын түсінеді, кәсіби міндеттерді шешу үшін радиотехникалық және электротехникалық тізбектерді қолданады |
8 | Қазақстандық және шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, қазіргі заманғы құралдар мен ақпараттық технологиялардың көмегімен заманауи физика және нанотехнология саласындағы ғылыми зерттеулердің міндеттерін шешеді, зерттеу жұмысының нәтижелерін магистрлік диссертация, мақала, есеп және т. б. түрінде рәсімдейді |
9 | білім берудегі инновациялық педагогикалық технологиялар мен инновацияның мәнін талдайды және бағалайды, оқытудың жаңа тұжырымдамаларына негізделе отырып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады; қызмет нәтижелерін болжайды және өзін-өзі жетілдіру процесін жоспарлайды |
10 | физикалық ғылымның іргелі идеяларының, ұғымдарының, заңдарының, принциптері мен тұжырымдамаларының пайда болу және даму процесін талдайды, оның дамуының тарихи аспектісінде физика және ғылыми таным әдістері туралы түсінікке ие |