Білім беру бағдарламасы |
7М01503 Информатика |
БББ мақсаты |
білім беру қызметін тиімді ұйымдастыру мен жоспарлауға қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау, ғылыми-педагогикалық зерттеулер мен информатика мамандығы шектеуінде маңызды қолданбалы есептерді шешу мен формалдаужүргізу. |
БББ түрі |
Қолданыстағы |
ҰБШ бойыншадеңгей |
7 |
СБШ бойыншадеңгей |
7 |
Берілетін академиялық дәреже |
магистр |
Оқыту мерзімі |
2 жыл |
Кредиттердің көлемі |
120 |
Оқыту тілі |
қазақ, орыс, ағылшын |
Басқарма отырысында БББ бекітукүні |
07.04.2021 (хаттама № 4) |
Кәсіби стандарт |
Педагог |
№ |
Оқытудың нәтижесі |
1 |
Ғалым және педагог ретінде зияткерлік және практикалық міндеттерді жылдам және тиімді шешуге ықпал ететін жүйелендіру және жүйелі ойлау дағдыларын меңгеру; |
2 |
Ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде шет тілін меңгеру; |
3 |
Кәсіби мәдениеттің, сонымен қатар кәсіби қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейіне ие болу, зерттеу және басқару қызметін сәтті жүзеге асыру; |
4 |
Тиімді және сенімді алгоритмдерді құрудың негізгі принциптерін меңгеру; |
5 |
Ақпараттық жүйелер мен желілерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; |
6 |
Компьютерлік ғылымның жаңа тәсілдері мен әдістеріне салыстырмалы талдау жүргізу, қоғамды ақпараттандыру мәселелері бойынша өз ұстанымын білдіру және негіздеу; |
7 |
Шешім жасауда зерттеу әдістерінің кешенін қолдану арқылы білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдауды, жүйелеуді және жалпылауды жүзеге асыру; |
8 |
Оқытудың заманауи технологиялары шарттарында педагогикалық қызметті ұйымдастыру және білім берудің электрондық басылымдары мен білімді бағалау жүйесін әзірлеу; |
9 |
Жоғары оқу орындарында компьютерлік ғылымдар пәндерін оқыту үшін оқу жоспарларын, бағдарламаларды және тиісті әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу; |
10 |
Білім беру мультимедиалық қосымшаларын әзірлеу және бағдарламалау технологияларын меңгеру; |
11 |
Білім беру процесінде қолданылатын электрондық басылымдарды, ресурстарды, сайттарды әзірлеу |