Білім беру бағдарламасы7М01505 Биология
БББ мақсаты Биологияның әртүрлі бағыттарында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, заманауи білім беру мекемелері тарапынан талап етілетін, динамикалық түрде өзгеретін әлеуметтік және кәсіптік қызмет жағдайына бейімделген, тереңдетілген теориялық және тәжірибелік жеке дайынды,ы бар биологиялық мамандарды даярлау
БББ түріҚолданыстағы
ҰБШ бойыншадеңгей7
СБШ бойыншадеңгей7
Берілетін академиялық дәреже  магистр
Оқыту мерзімі 2 жыл
Кредиттердің көлемі 120
Оқыту тіліқазақ, орыс, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартПедагог
                             Оқытудың нәтижесі
1Проблемалық сұраққа толық, дәлелді жауап құру, пікірталас, пікір алмасу, диалог жүргізу, басқару қызметінің функционалдық құрылымы және басқарудың психологиялық әдістері, кешенді зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру қабілеті, оның ішінде пәнаралық, тұтас жүйелік дүниетаным негізінде ғылымның тарихы мен философиясы саласындағы білімді пайдалана отырып
2Шет тілін шетел көздерінен кәсіби ақпарат алу және кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасау үшін қажетті көлемде, жалпы және кәсіби бағыттағы шет тілді мәтіндерді оқу және аудару үшін қажетті көлемде іскерлік және кәсіби шет тілінің лексикасын, компьютерлік технологияларды пайдалану технологиясын және кәсіби шет тілін оқыту әдістемесін біледі
3Жоғары білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын, педагогикалық үдерісті ғылыми талдау, болжау, жоспарлау және басқару әдістерін, тәжірибе жүргізу; ғылыми зерттеулерді жоспарлау; есептерді ресімдеу; зерттеу нәтижелерін талдау әдістерін меңгерген
4ЖОО-да Биологияны оқыту әдістерін, оқытудың инновациялық әдістерін және оқу үрдісінде бағалау технологияларын қолдануды меңгерген, орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін болжай, жоспарлай және басқара алады, олардың қазақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі
5Микроорганизмдерді өсіру әдістерін; биотехнологиялық өндірісті микробиологиялық талдау, микробиологиялық бақылау үшін сынама алу әдістерін, микробиологиялық зерттеулер үшін сынама дайындау әдістерін, молекулалық биологияның қазіргі заманғы проблемаларын, тұқым қуалаушылық өзгергіштік және селекцияның механизмдерін меңгерген
6Өсімдіктің жалпы құрылымы (морфологиясы) және жұқа құрылымы (анатомиясы) туралы, гүл өсімдіктерінің өміріндегі жас және маусымдық өзгерістер туралы білімдерді меңгерген, оларды мекендейтін жеріне байланысты жіктей алады; микроскопиялық және құрылымдық-функционалдық мақсатында уақытша анатомиялық препараттарды дайындау дағдысын меңгерген зерттеулер
7Шөл және даланың флорасы мен фаунасы, биоәртүрлілікті қорғау және сақтау әдістері, қоршаған ортаның стресстік факторларына ағзаның бейімделу үрдістерінің механизмдері туралы білімдерді меңгерген
8Омыртқалы жануарлардың анатомиялық-морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің салыстырмалы сипаттамасын, олардың ұйымдастырылу дәрежесін, олардың арасындағы филогенетикалық қарым-қатынасты бағалайды