8D01501 Математика

Білім беру бағдарламасы

8D01501 Математика

БББ мақсаты 

Математика саласында ғылымның, білімнің және өндірістің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кәсіби және ғылыми құзыреттерге ие және оларды практикалық және ғылыми қызметте жүзеге асыру дағдылары бар бәсекеге қабілетті, құзыретті ғылыми және педагог кадрларды дайындау.

БББ түрі

Қолданыстағы

ҰБШ бойыншадеңгей

8

СБШ бойыншадеңгей

8

Берілетін академиялық дәреже  

философия докторы (PhD)

Оқыту мерзімі 

3 жыл

Кредиттердің көлемі 

180

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

Басқарма отырысында  БББ бекітукүні

07.04.2021 (хаттама № 4)

Кәсіби стандарт

Педагог

 

                             Оқытудың нәтижесі

1

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, жоғары білім беруді дамытудың әлемдік үрдістері мен стратегияларын ескере отырып, ұлттық және халықаралық деңгейдегі ғылыми жұмыстарды жазу кезінде зерттеулердің нәтижелерін қолдану;

2

Оқу, ғылыми және білім беру процестерін ұйымдастырудың жүйелік тәсілінің әдіснамасын, басқарудың заманауи тәсілдерін, проблемаларды диагностикалау, талдау және шешу әдістерін негіздеу және сынақтан өткізу;

3

Байқалатын фактілер мен құбылыстарды математикалық әдістермен талдау және синтездеу және олардың негізінде инновациялық технологияларды қолдана отырып, математикалық пәндер бойынша сабақтарды жоспарлау;

4

Іске асыру алгоритмі бар объектілердің математикалық модельдерін әзірлеу және оларды салыстырмалы талдауды орындау, сондай-ақ іргелі және қолданбалы есептерді шешуде теориялық әдістерді таңдау;

5

Зерттеу нәтижелерін жоспарлау, болжау және іске асыру үшін әртүрлі ғылыми теориялар мен идеяларға, аналитикалық және эксперименттік ғылыми қызметке салыстырмалы талдау жүргізу;

6

Жаңа білім мен дағдыларды синтездеу, кәсіби қызмет саласында одан әрі пайдалану үшін ақпараттық дағдыларды қалыптастыру; 

7

XXI ғасырдың білім беру ортасының әзірлемелерін математиканы оқытудың жаңа теориялық әдістері мен модельдерінде талдау және іске асыру;

8

Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау, оларды ғылым мен білім беру саласындағы нақты ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу кезінде қолдану, ғылыми зерттеулерді дербес жүзеге асыру.