Білім беру бағдарламасы

8D01502 Физика

БББ мақсаты 

Физика саласындағы еңбек нарығының, ғылым мен білім берудің қажеттіліктерін қанағаттандыратын және өзін-өзі дамыту мен әлеуметтік бейімделуге қабілетті кәсіби құзыреттілікке ие бәсекеге қабілетті, білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау

БББ түрі

Жана БББ

ҰБШ бойыншадеңгей

8

СБШ бойыншадеңгей

8

Берілетін академиялық дәреже  

философия докторы (PhD)

Оқыту мерзімі 

3 жыл

Кредиттердің көлемі 

180

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

Басқарма отырысында  БББ бекітукүні

07.04.2021 (хаттама № 4)

Кәсіби стандарт

Педагог

 

                             Оқытудың нәтижесі

1

Әр түрлі библиографиялық дереккөздерден алынған ақпаратты талдау және өңдеу; өз ойын, идеяларын тұжырымдау, негіздеу және оларды мақсатты аудиторияға жеткізу; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін түсіндіру, оларды жариялау үшін ұсыну;

2

Ғылыми-педагогикалық зерттеулер процесін ұйымдастыру, жобалау және іске асыру; таңдалған ғылыми және педагогикалық тәсілдер мен әдістердің сапасы мен нәтижелілігін талдау және сыни бағалау; эксперименттік және теориялық міндеттерді шешудің тәсілдері мен әдістерін таңдау;

3

Жаратылыстану-ғылыми білім берудің қазіргі жағдайын көрсететін проблемаларды, тәсілдер мен үрдістерді сыни бағалау, заманауи физика эволюциясындағы парадигмалардың ауысуы және дамудың негізгі кезеңдерін зерттеу саласындағы ғылыми ақпаратты жүйелі түсінуді жобалау;

4

Білім беру жүйесінің өзін-өзі дамыту және өзін-өзі ұйымдастыру факторларын талдау негізінде басқару қызметін жобалау; білім беру процесін модельдеу, жүзеге асыру және бағалау;

5

Жоғары оқу орнында жалпы және теориялық физиканы оқытудың технологиялары мен әдістемесін қолдану, білім алушының жеке және кәсіби дамуының жоспарланған деңгейін қамтамасыз ету мақсатында білім беру технологияларын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын таңдау және пайдалану, ақпараттық ағындардың тез жаңаруы мен өсуі жағдайында ғылыми және оқу-педагогикалық қызметтің әртүрлі салаларын синтездеу;

6

Білім беру процесінде білім алушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру принциптерін негіздеу және сынақтан өткізу;

7

Физиканың фундаменталды бөлімдері бойынша тереңдетілген білімдерін, физиканың заманауи мәселелері бойынша білімді пайдалану дағдыларын көрсету; физиканың таңдалған саласында дербес ғылыми зерттеулер жүргізу; эксперименттік нәтижелерді теориялық модельдермен байланыстыру.