Білім беру бағдарламасы

8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

БББ мақсаты 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, қазіргі қоғамның мәселелері мен міндеттерін шешуге қабілетті, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін меңгерген, филология саласында ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыратын педагог-маманды даярлау.

БББ түрі

Қолданыстағы БББ

ҰБШ бойынша деңгей

8

СБШ бойынша деңгей

8

БББ айрықша ерекшеліктері

Жоқ

Берілетін академиялық дәреже  

Доктор

Оқыту мерзімі 

3

Кредиттердің көлемі 

180

Оқыту тілі

Қазақ

Басқарма отырысында  БББ бекітукүні

07.04.2021 (хаттама № 4)

Кәсіби стандарт

Педагог

 

                             Оқытудың нәтижесі

1

білім беру саласындағы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістері мен құралдарын пайдаланады, алынған нәтиженің шынайылығын талқылайды, филологияның қазіргі  үрдістері бойынша өз көзқарасын, пікірін түсіндіреді.

2

лингвистика және әдебиеттану саласында өз бетімен зерттеу жүргізу дағдысын көрсетеді, дәйекті тұжырымдар жасайды, ғылыми мәтінді интерпретациялайды, ғылыми қауымдастықта филологиялық зерттеулерді талқылайды, академиялық этика кодексін басшылыққа алады.

3

ғылыми стильде ауызша және жазбаша коммуникацияны іске асырады, ғылыми-педагогикалық зерттеу, эксперименттік-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін диссертация, мақала түрінде жалпылайды, академиялық мәтінді редакциялайды.

4

педагогикалық, филологиялық ғылымдар дамуының бағыттары мен жаңа концептуалдық идеяларын сын тұрғысынан талдайды, тілдік және әдеби құбылыстар мен үдерістерді академиялық сауаттылық және ғылыми этика қағидаларын пайдалана отырып ғылыми тұрғыда талдайды;

5

лингвистика және әдебиеттанудағы әртүрлі мектептер мен жаңа бағыттардың ғылыми идеяларын салыстырады, көркем шығарма мәтініне кешенді талдау жасайды; филологиялық білім берудің философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін құрылымдайды.

6

педагогикалық эксперимент жүргізеді, оқытудағы заманауи әдістер мен технологиялардың тиімділігін салыстырады, ғылыми зерттеу жүргізудің, текстологиялық талдаудың алгоритмін жасайды.

7

зерттеу саласы бойынша ғылыми критерийлерге сәйкес келетін ақпаратты саралайды, филологиядағы жаңа және күрделі идеяларды бағалайды, синтездейді.

8

зерттеу жұмысына таңдаған ғылыми әдіснамасының сапасы мен нәтижелілігін бағалайды, лингвистика және әдебиеттану саласындағы ғылыми зерттеулердегі теориялық және қолданбалы міндеттерді шешеді.

9

қазақ тілі мен әдебиетін оқыту бойынша жаңа әдістер, технологиялар, тапсырмалар ұсынады, құрастырады, білім беру мазмұнын қайта құрылымдайды, филологияда жаңа ғылыми идеялар ұсынады.

10

ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін жоспарлайды, іске асырады, ғылыми болжам жасайды, өз зерттеулерінің нәтижесін бағалайды.