Лемещенко Олеся Витальевна
Лауазымы: экономика ғылымдарының магистрі,оқытушы-дәріскер
БІЛІМІ
2010-2014 жж. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, «Қаржы» мамандығы, «Экономика және бизнес бакалавры» дәрежесі, GPA 3.98
2014-2016 жж. – Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, «Қаржы» мамандығы, «Экономика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі, GPA 3.97
2019-2022 жж. – Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің докторантурасы, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы, GPA 3.94
ЖЕТІСТІКТЕРІ
1.«AMANAT» партиясы Жетісу облысы төрағасының алғыс хаты, наурыз 2025;
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының қоғамдық жұмыстар мен бастамаларға қосқан үлесі үшін алғыс хаты, қыркүйек 2024;
3. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің басқарма төрағасы-ректоры Қазақстан Ғылым күніне арналған Алғыс хат. — Талдықорған қ., сәуір 2024;
4. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – ректорының м.у.а. Педагогикалық шеберліктің Қысқы мектебі шеңберінде семинар өткізгені үшін Алғыс хат, қаңтар 2024
5. Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті ректорының Алғыс хаты. — Қарағанды қ., 2021;
6. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректорының алғыс хаты. — Талдықорған қ., 2018.
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ
Ғылыми еңбектер тізімі: Соңғы 5 жылда 26 ғылыми жарияланым, оның ішінде: Scopus деректер базасына кіретін халықаралық рецензияланған ғылыми журналда 1 мақала;
- Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен ұсынған журналдарда 5 мақала;
- РҒДИ-да индекстелген 7 мақала;
- 4 монографиялар;
- ЖОО Ғылыми кеңесі ұсынған 1 оқу құралы;
- 2 электрондық оқу құралы және т.б.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институты берген 5 авторлық куәліктің иегері.
- 2 жаппай ашық онлайн курстың авторы:
- «Адами ресурстарды басқару»;
- «Start-up менеджменті».
- BR24993047 «Жер қатынастарын реттеудегі заманауи сын-қатерлер: тарихи-құқықтық талдау» тақырыбы бойынша бағдарламалық- нысаналы қаржыландыру аясындағы жобаның аға ғылыми қызметкері.
- https://www.landlaw.kz/index.php/ru/issledovatelskaya-gruppa
- Scopus бойынша Хирш индексі — 1;
- Scopus Author ID: https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57725142500
- ORCID ID: https://orcid.org/my-orcid?orcid=0000-0002-8907-9768
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
- 13.01.2025–25.01.2025 – 72 сағат көлемінде «Мемлекеттік басқару технологиялары, бағдарлама және саясатты талдау» бағдарламасы бойынша онлайн біліктілікті арттыру курсын аяқтады, «AGEU-training» оқу орталығы, Алматы қаласы.
- 06.01.2025–18.01.2025 – 72 сағат көлемінде «Статистикалық деректерді талдау және зерттеу деректерін басқару» бағдарламасы бойынша онлайн біліктілікті арттыру курсын аяқтады, «AGEU-training» оқу орталығы, Алматы қаласы.
- 01.07.2024–15.07.2024 – 72 сағат көлемінде «Инклюзивті білім беру: оқытудың әдістері мен ерекшеліктері» бағдарламасы бойынша онлайн біліктілікті арттыру курсын аяқтады, «Тренинг Консалтинг» оқу орталығы, Алматы қаласы.
- 06.06.2024–05.07.2024 – «Мемлекеттік саясат, құқық және экономика (State Policy, Law and Economics)» тақырыбында семинарға қатысты. Семинар «Special program in Japanese and Eurasian Studies» (Цукуба университеті, Жапония), «The Nippon Foundation Central Asia-Japan Human Resource Development» (Цукуба университеті, Жапония), «Multilevel Orders of Corruption in Central Asia» (Лунд университеті, Швеция) жобалары аясында және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өтті, Талдықорған қаласы.
- 10.06.2024–19.06.2024 – «Зерттеу әдістері және академиялық жазу (Research Methods and Academic Writing)» тақырыбында семинарға қатысты. Семинар «Special program in Japanese and Eurasian Studies» (Цукуба университеті, Жапония), «The Nippon Foundation Central Asia-Japan Human Resource Development» (Цукуба университеті, Жапония), «Multilevel Orders of Corruption in Central Asia» (Лунд университеті, Швеция) жобалары аясында және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өтті, Талдықорған қаласы.
- 21.08.2023–25.08.2023 – «Мамандығым – Болашағым» жобасы аясында «Модератор» бағыты бойынша оқудан өтті, ҚР БҒМ «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы», Талдықорған қаласы.
- 08.10.2023 – «The Manager’s Toolkit: A Practical Guide to Managing People at Work» курсын аяқтады, Лондон университеті. Сертификат: https://www.coursera.org/account/accomplishments/verify/MRFV6PJXZLT8.
- 28.10.2023 – «Leadership in 21st Century Organizations» курсын аяқтады, Копенгаген бизнес мектебі. Сертификат: https://www.coursera.org/account/accomplishments/verify/UXJY56F7HTC5.
- 13.11.2023–09.12.2023 – 72 сағат көлемінде «Білім берудегі менеджмент» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын аяқтады, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы, Талдықорған қаласы.
- 31.07.2023–12.08.2023 – 72 сағат көлемінде «Білім және ғылымдағы менеджмент (Білім берудегі стратегиялық менеджмент және көшбасшылық)» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын аяқтады, ҚР Әділет министрлігінің «Елорда әділет орталығы» оқу орны, Астана қаласы.
- 29.05.2023–24.06.2023 – 72 сағат көлемінде «Ғылыми—зерттеу қызметін ұйымдастыру және жоспарлау» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын аяқтады, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы, Талдықорған қаласы.
- 13.02.2023–25.02.2023 – 72 сағат көлемінде «Ғылыми зерттеу қызметін және халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын аяқтады, «Best innovation group Lnc.», Алматы қаласы.
- 31.03.2022 – « Трансшекаралық электрондық коммерция » халықаралық оқу курсын аяқтады, Чжэцзян қаржы—кәсіби колледжі (Қытай).
- 22.11.2021–02.12.2021 – «Зияткерлік меншік негіздерімен ғылыми экономикалық зерттеулердің әдіснамасы және ұйымдастырылуы: озық әлемдік тәжірибеге бейімделу» лекция курсын тыңдады. Лектор: э.ғ.д., профессор Г.И. Купалова, Т. Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті (Украина, Киев), Қарағанды қаласы.
- 04.09.2021–30.10.2021 – 8 апталық «Astra Vision: Product Manager» курсын аяқтады, «Astra» онлайн университеті (Ресей), Трекерлер академиясы (Ресей), «QazInnovations» ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі (Қазақстан).
- 01.03.2021–18.03.2021 – И.Т. Трубилин атындағы Кубань мемлекеттік аграрлық университетінің мемлекеттік және муниципалдық басқару кафедрасында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті, Краснодар қаласы, Ресей Федерациясы.
