ҚҰЗІРЕТТІЛІК ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҚҚББО-ның мақсаты – өңірдің ұйымдары мен мекемелерінің қажеттіліктерін ескере отырып, қосымша кәсіптік және білім беру бағдарламалары бойынша білім беру процесін ұйымдастыру және өткізу.
Міндеттері
- адамның білім алу және кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыру, кәсіби дамуы, оның біліктілігінің кәсіби қызмет пен әлеуметтік ортаның өзгеретін жағдайларына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;
- еңбек нарығында мамандардың кәсіби ұтқырлығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін білім беру қызметтерін ұсыну;
- кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен қызметкерлерінің, жалпы білім беретін оқу орындары мұғалімдерінің, сондай-ақ университеттің негізгі білім беру бағдарламаларының бейімі бойынша басқа да ұйымдар мен мекеме қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және өткізу;
- педагог кадрларды қайта даярлау курстарын ұйымдастыру және өткізу;
- қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру;
- тілдік даярлық бағдарламалары бойынша оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
- тілдік даярлық бағдарламалары бойынша оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
- егде жастағы адамдардың оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау
ҚЫЗМЕТТЕРІ
- Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, сондай-ақ қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту саласындағы БАҚББО негізгі қызметтері:
- өзекті және сұранысқа ие білім беру бағдарламаларын қалыптастыру мақсатында көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушілердің, еңбек нарығының біліктілікті арттыру саласындағы қажеттілігін зерделеу және тыңдаушыларды оқытудың басым бағыттарын айқындау;
- біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру үшін профессор-педагог кадрларын және тәжірибелі мамандарды сапалы іріктеу және олармен ақылы қызметтер көрсету туралы шарттар жасасу;
- біліктілікті арттыру бағдарламаларын және педагогикалық қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- біліктілікті арттыру және педагогикалық қайта даярлау бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру және бақылау;
- біліктілікті арттыру және педагогикалық қайта даярлау туралы сертификаттарды беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу.
- БАҚББО-ның тілдік даярлық саласындағы негізгі қызметтері:
- шетел тілдерінен қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу;
- ағылшын тілі бойынша халықаралық емтихандарға дайындық курстарын ұйымдастыру;
- сабақтарды өткізудің тиімді нысандары мен әдістерін енгізу, жеке және дербес оқытуды дамыту, қосымша білім беру педагогтерінің біліктілігін арттыру, ашық сабақтар өткізу және сабақтарға өзара қатысу арқылы шет тілдерін оқыту сапасын тұрақты жетілдіру;
- шет тілі бойынша қосымша білім беру бағдарламасын меңгергені туралы сертификат беру жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- шет тілін практикалық меңгеру дағдыларын жетілдіру үшін аудиториядан тыс іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу.
- егде жастағы топтағы адамдарды оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру және іске асыру.
Жетістіктері
2019
2020
2020
2020
2020
2020
2021
2022
2023
2023
2024
2024
БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР