ХАБАРЛАНДЫРУ

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі 2023 жылғы 23 қазанда жоғары мектептің студент, магистрант және докторанттары арасында «Jetisu Startup» байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: студент, магистрант, докторанттардың ғылыми-инновациялық қызметін насихаттау және ынталандыру; перспективалық зерттеулер мен әзірлемелерді дайындау, дарынды жастарды анықтау және қолдау.

Байқауға 29 жастан аспайтын (конкурсқа қатысу туралы өтініш қаралған күнді қоса алғанда) студент, магистрант, докторанттар және жаңашыл жастар  қатыса алады.

Өтінімдер Талдықорған қаласы «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі І.Жансүгіров көшесі 187А мекенжайына немесе g.chukenaeva@zu.edu.kz электронды поштасына белгіленген үлгіге (Ережеге қосымша А, Б) сәйкес екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде 2023 жылғы 16 қазанға дейін жолданады.

Жоғары мектепішілік байқау қорытындысы бойынша 5 жобаға университеттің Jetisu Startup конкурсына жолдама беріледі.

Қосымша:

1.Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі білім беру бағдарламаларының студенттері, магистранттары және докторанттары арасында өткізілетін Jetisu Startup байқауының ережесі

Jetisu – Startup ереже ГҒЖМ

2. Презентация үлгісі

Стартап жобасының презентациясын жасау үлгісі

Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: 87071155086