«ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Менің Қазақстаным – менің мақтанышым» атты салтанатты жиын өтті. Шара білімгерлер арасында патриоттық сезімді ояту мақсатында өткізілді. Оған оқытушылар мен білімгерлер қатысты. Концерт барысында арнайы тарихи қойылым көрсетіліп, қазақ халқының егемендік жолындағы күресі бейнеленді.

Сондай-ақ мереке жайлы әндер шырқалып, әсерлі жыр жолдары орындалды. Сөз кезегін алған деканның ғылымы жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлім Төлеуқызы қатысушыларды құттықтап, бірқатар оқытушыларды марапаттады.

Сонымен қатар, мейрам қарсаңында ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным-менің мақтанышым» атты білімгерлер арасындағы байқаудың қорытындысы жарияланды. Жеңімпаздарды филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сайлау Қажыбекұлы құттықтап, сыйлықтарын тапсырды.