![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/DSC02952-1-1024x683.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/DSC02961-1-1024x683.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/DSC02965-1-1024x683.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/DSC02990-1-1024x683.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/DSC03017-1-1024x683.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/DSC03033-1-1024x683.jpg)
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының ашылуы мен даму тарихына 45 жыл
2023 жыл 3 қарашада Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Педагогика және психология жоғары мектебі «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының ашылуы мен даму тарихының 45 жылдығына арналған «Ғасырлар тоғысындағы мамандар жетістігі» атты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі білім беру және тәрбие жүйесіндегі жұмыс тәжірибелерін жинақтау, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру және мектепке дейінгі мекеме педагогының кәсіби-құндылық қасиеттерін дамыту мақсатында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1983-2023 жылғы түлектері, қазіргі таңда білікті мамандар, жоғары оқу орындары ғалым ұстаздарымен кездесу ұйымдастырылып студенттер, магистранттар, докторанттар, профессор оқытушы құрамымен тәжірибе алмасты.