Мастер-класс

2023 жылдың 26 қазан күні Педагогика және психология жоғары мектебі 7М01301 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы 2 курс магистранттарымен жүргізілетін «Инклюзивті білім беру педагогикасы» пәні бойынша философия докторы (PhD), оқытушы-дәріскері Гульмира Сабыровна Майлыбаева теориялық білімді практикамен ұштастыру мақсатында «Қамқор» Талдықорған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды. Мекеме қызметкерлері мен магистранттар тәрбиеленуші балалармен бірге мастер-класс өткізізілді.