Тренинг

 І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының базасында Орталық Азия университетімен бірлескен іс-шаралар  аясында ағылшын тілі оқытушыларына «Enhancing Language Teaching Proficiency: A Macrostrategic Approach» тақырыбы бойынша тренинг өтті. Тренингті Орталық Азия Университеті академиялық мақсаттағы ағылшын тілі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, білім беру саласының докторы (Эксетер университеті, Англия), CELTA (Кембридж университеті) сертификатының иегері Хамид Али Хан өткізді. Тренингке Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің, Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының және Талдықорған қаласы колледждерінің ағылшын тілі оқытушылары қатысты.