Ғылыми іс-сапар

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы бойынша орындалып жатқан ЖТН АР19680053 «Гуманитарлық ғылымдар даму процесіндегі Ілияс Жансүгіров мұрасы: ХХІ ғасыр контексінде» ғылыми-зерттеу жобасы бойынша жоба жетекшісі Кыяхметова Ш.А. және жетекші ғылыми қызметкері Джакыпбекова М.Т. қаламгердің архивтік қордағы жарияланбаған еңбектерін іздестіру, жинақтау, жүйелеу, төте жазудан кирилл таңбасына түсіру және зерттеу жүргізу мақсатында 2023 ж. 11-22  қазан айында Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік архив  пен Ұлттық кітапханаға іс-сапарға барды.

 «Еңбекші қазақ» газетінің 1930 жылғы 25 қаңтардағы санында жарияланған Ғ.Мүсіреповтің Ілиястың әдеби ортасы жайлы жазылған  «Әдебиеттегі жікшілдікке қарсы» атты төте жазудағы мақаласы кирилл таңбасына түсірілді. 

Зерттеу нәтижелері  ғылыми мақала түрінде халықаралық конференция жинағында жарияланды.