Құрметті студенттер!

Құрметті білімалушылар!
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыруды жоспарлауда. Осы бағдарлама аясында 1,2 және 3 курс білімалушыларына арналған білім беру бағдарламалары бойынша өтініш беру басталды. ЖОО тізімін университет сайтынан, яғни «серіктес университеттер» бөлімінен көре аласыздар. Ұлттық жоғары оқу орындарының қабылдауы ақылы екенін ескертеміз.
Өтініш берудің 2023 жылдың 20 қарашасында аяқталады.
Жазылу үшін халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығына келу қажет (бас оқу ғимараты, ректорат жақ, 309 кабинет).
4-курс білімалушылары ҚАТЫСПАЙДЫ.