Байқау

Агрономия мамандығының 3-курс білімгерлері 2022 жылғы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық байқауында «6В08103-Жеміс-көкөніс шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша үздік ғылыми-зерттеу жұмысына қатысты. Байқау нәтижесі бойынша техникалық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері биология ғылымдарының кандидаты Акмуллаева Айжан Сейткановнаның ғылыми жетекшілігімен  Тлеужанова Асель, Шабден Аяулым, Сұлтан Саят, Әлімғазы Арайлым III-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жеңімпаздарды Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Андасбаев Ерлан Сүлейменұлы құттықтап, тілегін білдірді.